Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркияның өрттен зардап шеккен өңірлері апат аймақтары деп жарияланды

31 July 2021 16:06

АНКАРА. ANADOLU – ҚазАқпарат – Түркия президенті режеп Тайып Ердоған орман өрттерінен зардап шеккен ел өңірлерін апат аймақтары деп жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат Anadolu агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түркияда бірнеше күннен бері орман өрттері өршіп тұр.

Өрт сөндіру қызметтерінің күшімен Түркияда 98 орман өрті ошағының 88-і ауыздықталды. Бұл туралы сенбі күні елдің орман және ауыл шаруашылығы министрі Бекір Пакдемирли мәлім етті.

«28-31 шілде аралығында Түркия аумағында 98 орман өрті тіркелді, олардың 88-і өшірілді. 10 ауданда өртті сөндіру белсенді түрде жүргізілуде», - деп хабарлады министр.

Министр атап өткендей, оның біреуі Адана провинциясында, үшеуі Антальяда, үшеуі Мерсинде, екеуі Мұғлада, біреуі Османияда.

Орман өрттерін сөндіруге 45 тікұшақ, 6 ұшақ, мыңдаған өрт сөндіру көлігі жұмылдырылған.

Бұған дейін хабарлағандай, Түркиядағы өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ .


Up