Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

UEFA Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» алғашқы қарсыласы анықталды

15 June 2021 17:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Швейцарияның Ньон қаласында UEFA Чемпиондар лигасы алғашқы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл аталған турнирге еліміздің атынан Алматының «Қайрат» командасы қатысады. Алматылық клуб алғашқы іріктеу кезеңінде Израильдің «Маккаби» (Хайфа) командасымен шеберлік байқасады.

Командалар екі ойын өткізіледі. «Қайрат» алғашқы ойынын 6/7 шілдеде сырт алаңда өткізсе, 13/14 шілдеде қарсыласын өз алаңында қабылдайды. Жеңімпаз Чемпиондар лигасы екінші кезеңіне жолдама алады. Оған жеребе 16 шілдеде тартылады.

Айта кетелік, алматылық клубқа бұдан бұрын ықтимал қарсыластар ретінде «Шахтер» Солигорск (Беларусь), «Нефтчи» (Әзербайжан) және «Теута» (Албания) командалары аталған еді.

«Қайрат» аталған турнирде екінші мәрте бақ сынағалы отыр. Бұдан бұрын 2005 жылы бірінші іріктеу кезеңінде Словакияның «Артмедиа» клубына жол берген болатын.


Up