Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

UEFA Конференция лигасы: «Тобыл» Хорватияның командасын жеңді

29 July 2021 23:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 29 шілдеде UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу сатысында қазақстандық «Тобыл» командасы Хорватияның «Хайдук» клубымен қарымта ойын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске салсақ, екі команда арасындағы алғашқы кездесуде хорватиялық клуб 2:0 есебімен басым түскен болатын. Сондықтан қостанайлық клуб үшін бүгін кем дегенде үш гол айырмасымен жеңіске жетуі тиіс еді.

Бірінші кезеңде екі команда шабуыл шебіне көбірек шықты. Десе де таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Екінші кезеңде «Тобыл» алға қарай ұмтыла түсті. Нәтижесінде олардың қатарынан 16-минутта Душан Йованчич есеп ашты. Одан кейін қостанайлық клубтың шабуылшысы Игорь Сергеев 61, 67-минутта қос голдың авторы атанды.

Осылайша «Тобыл» 3:0 есебімен алда тұрған еді. Бұл жарыстың келесі сатысына шығуға жеткілікті болатын. Дегенмен Эмир Сахити 94-минутта бір гол соғып кетті. Нәтижесінде екі ойынның нәтижесімен есеп 3:3 болды. Ойын овертаймға ұласты. Овертаймның 118-минутында Асхат Тағыберген тағы да «Тобылды» алға шығарды.

Кездесуде «Тобыл» қарсыласын 4:1 есебімен ежңіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Енді олар 5 және 12 тамыз күндері Аполлон» (Кипр) және «Жилина» (Словакия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Осылайша қос ойыннығ нәтижесімен «Тобыл» алға шықты.

Айта кетсек, бүгін UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу сатысында Қарағандының «Шахтері» Румынияның ФКСБ (бұрынғы атауы «Стяуа») клубынан басым түсті.

Енді аталған турнирде елордалық «Астана» сырт алаңда Грекияның «Арис» командасымен жасыл алаңға шығады.

Ал кеше, 28 шілдеде UEFA Чемпиондар лигасында «Қайрат» қарсыласынан ойсырай жеңілді. Енді олар Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында Арменияның «Алашкерт» клубымен сынға түседі.



Up