Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ұлыбритания «Челси» футбол клубын сатуға рұқсат берді

25 May 2022 19:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Челси» футбол клубы Ұлыбритания билігінен клубты сатуға рұқсат ететін лицензия алды. Енді келісімді Еуропалық Одақ пен Португалия мақұлдауы керек. Өйткені клубтың қазіргі иесі Роман Абрамович осы елдің азаматы, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

7 мамырда «Челси» 4,25 миллиард долларға (5,2 миллиард доллар) америкалық кәсіпкер Тодд Бели бастаған консорциумға сату туралы келісімге қол қойды. Оның ішінде клуб үшін 2,5 миллиард фунт төленеді, ал оның дамуына тағы 1,75 миллиард фунт (2,16 миллиард доллар) салынуы керек.

Алайда «Челсидің» Camberley International Investments инвестициялық қорына төленуі тиіс 1,54 млрд фунт ($1,9 млрд) қарызын кім өтейтіні белгісіз. Роман Абрамович «Челсиге» 2003 жылдан бері иелік етіп келеді. Осы жылдың наурызында клубты сатылымға шығарды.


Up