Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ұлытау шайқасы: Қасым хан жайлы фильм қалай түсіріліп жатыр

24 July 2021 03:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы жаңа фильмнен кадрлар жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Киностудия Instagram парақшасында жариялаған көріністен XVI ғасырдағы Қасым хан әскері мен Шайбани жауынгерлерінің айқасын тамашалауға болады.

1510 жылы Қасым ханның әскері қазіргі Қарағанды облысы Ұлытау ауданында Шайбани ханның жауынгерлерімен қақтығысады.

Бұл жорық Қасым ханның жеңісімен аяқталды, ол қазақ сарбаздарының рух күші және жауынгерлік қабілетімен ерекшеленді.

«Қасым хан әскерінің жеңісі ханның көшбасшылық қасиеттері мен басқаларды ұйымдастыра білуінің арқасында мүмкін болды. Ең күрделі шайқастардың бірі - Ұлытаудағы шайқас Ақан Сатаевтың «Ұлы Дала Таңы» картинасында бейнеленген. Онда Қасым хан тұлғасының қалыптасуы мен Қасым басқарған кездегі қазақ хандығың гүлденуі туралы баяндалады» деп мәлім етті киностудияның баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, режиссер Ақан Сатаев Алматы облысында Қасым ханның өмір жолынан сыр шертетін «Ұлы Дала Таңы» атты фильм түсіріп жатыр.








Up