Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ыстанбұлдағы құйынды дауыл: Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

29 November 2021 23:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ыстанбұлда құйынды дауылдан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алынған ақпарат бойынша дауылды желдің беті қайтуда. Біздің азаматтар бойынша мәлімет түскен жоқ», - деді сыртқысаясат ведомствосының баспасөз қызметінен.

Түркия Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегіне сүйенсек, табиғаттың тосын мінезінен 4 адам қаза болды, 19 адам зардап шекті. Ажал құшқандар арасында шетелдік 1 азамат болған.

Еске салсақ, күшті дауыл салдарынан Малтепеде және Пендикте кемелер аялдайтын айлақтар, бірнеше қайық зақымдалды, ағаштар құлады, ғимараттардың шатырлары көкке ұшты, трассаларда жүк көліктері аударылды. Бейликдюзю ауданында желдің жылдамдығы сағатына 129 шақырымды құрады.



Up