Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жаңа туған сәбиін басқа біреудің қамқорлығына берген әйел ұсталды

6 December 2021 13:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңа туған сәбиін басқа біреуге асырап алуға берген әйел ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ криминальдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жамбыл облысының полиция қызметкерлері осы жылдың шілде айында 30 жастағы әйелдің жаңа туған қызын үшінші тұлғамен мәліме жасап, асырап алуға бергенін анықтады. ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды қажетті іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр», - деді ол ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Сонымен атар ол Ақмола облысында 3-топ мүгедегін қайыр тілеуге мәжбүрлеген Көкшетау қаласының 28 жастағы тұрыны ұсталғанын атап өтті.

Оның дерегінше, күдікті келіншек Өскемен қаласынан 60 жастағы мүгедек ер адамды Көкшетауға алдап алып келіп, қайыр тілеуге мәжбүрлеген.

«Күдікті мамырдан бастап осы уақытқа дейін мүгедек адамды орталық базарда күн сайын 8-9 сағат бойы қайыр тілеуге отырғызып қойған. Түскен табысты қалтасына басқан. Факті ҚР ҚК 126-бабы 3-тармағының 2-тармақшасы бойынша тіркелді. Тексеру жүргізіліп жатыр», - деді Қанат Нұрмағамбетов.


Up