Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жапонияда 2030 жылы күн энергиясы атом қуатына қарағанда арзан болады

13 July 2021 02:25

ТОКИО. Кyodo-ҚазАқпарат - Фукусимадағы ядролық апаттан кейінгі қауіпсіздік шараларына жаратылған қаражат күрт көбейгендіктен, күн энергиясы 2030 жылы Жапония үшін ең арзан қуат көзіне айналмақ, деп хабарлайды Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Экономика, сауда және индустрия министрлігі сарапшылар тобының отырысында атом энергиясын өндіруге кететін шығындар 2015 жылғы алдыңғы бағалаудан шамамен 10 пайызға өседі деп болжанды, ал күн энергиясының ауқымы кеңейген сайын құны төмендей бермек.

2015 жылы ядролық энергияны өндірудің болжамды құны бір киловатт үшін кем дегенде 10,3 иен болған, қазіргі уақытта жаңа ядролық қауіпсіздік ережелеріне сәйкес қабылданған шараларға байланысты кем дегенде 11,5 иенге дейін көтеріліп отыр.

Күн энергиясын пайдаланудың тағы бір артықшылығы, электр қуатын өндіретін қондырғылар бос жерлерде салынып, қаражат үнемделетін болады.


Up