Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ЖОО ректоры ҚР Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды

23 June 2021 18:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев ҚР білім және ғылым вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қуаныш Ерғалиев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ ұлттық медицина университетін, Тулейн университетін, «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін, Гарвард университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы жедел медициналық жәрдем станциясында фельдшер болып бастады.

2009-2014 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде түрлі лауазымдарды атқарды.

2014-2019 жылдары — Назарбаев Университеті Интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесі департаментінің аға менеджері.

2019 жылғы тамыз айынан бастап қазірге дейін Сүлейман Демирел атындағы университет ректоры қызметін атқарды.



Up