

Болгария турнирі: Қазақстандық боксшы қыздар 4 медаль жеңіп алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Болгарияда бокстан «Странджа-2021» халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстан қыздар құрамасының спортшылары соңғы жарыс күнінде 1 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбеде жазасын өтеушілерге арналған арнайы бағдарлама іске қосылады
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 15 аудандық пробация қызметі бар. Пробация қызметі сотталғандарды жан-жақты көмек беріп, жұмысқа орналастыруға ден қойды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Шымкентте кәсіпкерлікке заңсыз араласқан 13 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -Шымкент қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаментінің ұйымдастыруымен «Бизнесті қорғау - өзара іс-қимыл, даму, проблемалар және оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вероника Нұрпейісова: «Ashyq» мобильді қосымшасы - оңтайлы шешім
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ендігі уақытта Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларында пилоттық жобаға қатысатын кәсіпкерлік нысан иелері App Store және Play Market арқылы «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалануы тиіс. Мақсат – бұқараны КВИ індетінен сақтау. Осы орайда ҚазАқпарат тілшісі ҚР Қоғамдық тамақтану қауымдастығы басқарма төрағасының кеңесшісі Вероника Нұрпейісованың пікірін білген болатын.

Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
ТОКИО. Kyodo News – Коронавирусқа байланысты Жапонияға кіруге тыйым салынған спортшылар үшін төтенше жағдай тоқтатылған соң, яғни наурызда елге келуге рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат Kyodo News ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.


Астаналық кәсіпкер «Ashyq» мобильді қосымшасы туралы: Бизнес үшін жағдай жасалғанына ризамын
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Таяуда Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларының кейбір кәсіпкерлік субъектілерінде «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыру басталады. Мақсат – ел ішінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту.

Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2-3 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға мемлекеттік сапары өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР СІМ Telegram-каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы басталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ бастамасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Лима Диас ҮЕҰ жұмысы жайында: Қоғам талқылауына сындарлы пікірлерді енгізу керек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрағасы Лима Диас елордада Ақпарат және қоғамдық даму министрінің үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесуінің қорытындысын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында боранды күні шығып кеткен ер адамның денесі табылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Шет ауданы Ақжал ауылының маңында боран кезінде ер адам көз жұмды. Ол кеше түстен кейін боранға қарамастан қыстақтан шығып кеткен. Бүгін ТЖД қызметкерлері даладан оның мәйітін тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде митингіге шақыру: ҚР Бас прокуратурасы үндеу жариялады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желілерде жекелеген тұлғалар елдің әртүрлі аймақтарында заңсыз митингілер мен шерулерге қатысуға шақыруы таралуына байланысты ҚР Бас прокурорының орысбасары Б.Б. Дембаев үндеу жариялады. «ҚазАқпарат» ХАА оқырман назарына үндеудің толық мәтінін ұсынады.

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақыны тағайындау цифрландырылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың қорытындысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтердің 91 пайызын цифрландырды. Бұл туралы аталған ведомствоның басшысы Серік Шәпкенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Дауылды жел Маңғыстау облысы портындағы 7 баржаны теңізге ағызып әкетті
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында Каспий теңізінің Түпқараған шығанағында құйынды жел порттағы 7 баржаны зәкірінен үзіп әкетті. Оқиғаға қатысты мәліметті ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Боралдай - Кеген бағытындағы санитарлық рейс мәжбүрлі қонды
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Азия Континенталь әуе компаниясының Ан2 әуе кемесі Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км жерде мәжбүрлі түрде қонды. Оқиға Боралдай - Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсін орындау кезінде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.


1 наурыздан бастап мерзімді әскери қызметке шақыру басталады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 13 мыңнан астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші көктемгі шақыру кезінде еліміздің Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның 3 қаласында «Ashyq» мобильді қосымшасы іске қосылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің үш қаласындағы кәсіпкерлік объектілерде «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу бойынша ілкі жоба жоба жүзеге асырыла бастайды. Мұндай құжатқа ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай