Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

1 ақпанда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2022 жылдың 31 қаңтар 2022 21:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 1 ақпан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, тұрғын үй саясатындағы және тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялаудың жаңа тәсілдері, білім беру мен ғылымды дамытудың жаңа тәсілдері қаралады. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

11.00-де «Есіл» ауданының полиция басқармасында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында полицияның сервистік моделін масштабтау мәселесі жөнінде брифинг өтеді. Спикерлер: Нұрсултан қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Арман Айтмағанбетов.

15.30-да Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатында «Нұр-Сұлтан қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің есебі тыңдалады.

19.00-де «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрында «Экран әуендері» концерті өтеді.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай