Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

1 баладан КВИ анықталса сыныптағы барлық оқушы мен мұғалім ПТР тест тапсырады

2021 жылдың 20 тамыз 2021 18:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 баладан КВИ анықталса сыныптағы барлық оқушы және мұғалімдер ПТР тест тапсырады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында Денсаулық сақтау вице-министріне «Бір сыныпта бір бала вирус жұқтырса, барлық оқушы мен мұғалімдер ПТР тест тапсыруы қажет пе?» деген сауал қойылған еді.

«Иә, ол бала байланыста болғандықтан барлығы да ПТР тестін тапсыруы тиіс»,- деп жауап берді Ажар Ғиният.

Бұған дейін вице министр елімізде 354 мектептің санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай еместігін айтқан болатын. Жалпы, жаңа оқу жылында білім беру ұйымдарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талап күшейтілмек. Ол үшін таяу арада ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің арнаулы қаулысы қабылданады.


Жоғары қарай