Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

1 қарашадан бастап кейбір жолаушы пойыздары күн сайын жүре бастайды

2020 жылдың 6 қазан 2020 18:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда кейбір жолаушылар пойызы күн сайын жүретін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, №4/3 «Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол - Алматы-2» пойызы 1 қарашадан бастап Нұрлы жол вокзалынан, 2 қарашадан бастап Алматыдан күн сайын жөнелтіледі.

Сонымен қатар №68/67 «Нұр – Сұлтан - Нұрлы жол – Өскемен-1» пойызы да 1 қарашадан бастап Нұр-Сұлтаннан, 2 қарашадан бастап Өскеменнен күн сайын жүре бастайды.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты «105» нөміріне хабарласып білуге болады.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан билетті онлайн, соның ішінде ресми bilet.railways.kz сайтынан сатып алуын, санитарлық-карантин талаптарын, әлеуметтік қашықтықты, вокзал аумағында және пойыз ішінде бетперде режимін қатаң сақтауын сұрайды.

Сондай-ақ, сапарға шығар күні билет болмаған жағдайда «Күту парағы» атты тегін қызметті пайдалануға болатынын еске салады.


Басты сөздер: Қауіпсіздік, Карантин, ҚТЖ, Көлік,
Жоғары қарай