Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

1 қыркүйекте мектептегі оқу жылы қандай форматқа көшеді - министр пікір білдірді

2020 жылдың 20 мамыр 2020 15:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылам министрі Асхат Аймағамбетов 1 қыркүйектен оқу жылы қандай форматта басталуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қашықтан оқыту уақыт талабы екенін түсінеміз. Бұл тақырып үйде білім алатын балаларға, сондай-ақ қыста ауылдық елді мекендерде жол ашылмағанда оқудан қалған балаларға қатысты. Осы орайда түрлі жағдай болып жатады. Сәйкесінше, бұл жағдайларда заманауи технологияларды көмегі тиіп, білім беру процесіне қолдау жасалады. Алайда бұл 1 қыркүйектен қашықтан оқуға көшіруді білдірмейді», - деді А. Аймағамбетов онлайн баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, педагогтар, министрлік, ата-аналар мен оқушылардың өздері дәстүрлі форматта оқыту тиімді әрі ыңғайлы екенін түсініп отыр.

«Білім беру процесі - ол тек ақпарат беру ғана емес. Бұл тұрғыда әлеуметтендіру, балалар арасында өзара іс-қимыл мен қарым-қатынас, тәрбиелік процесс секілді маңызды мәселе бар», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 11-сынып түлектеріне аттестат 3-4 маусымда тапсырылады.


Жоғары қарай