Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

1 мамырдан бастап астаналық iQala порталы жұмысын уақытша тоқтатады

2022 жылдың 26 сәуір 2022 18:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мамыр айында iQala қалалық қызметтер орталығының iqala.kz порталы жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысы мен хаттамалық тапсырмасына сәйкес жобаны цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасына беруге байланысты порталдың жұмысы уақытша тоқтайды.

Көрсетілген қызметтердің нәтижесін сақтау үшін орталық клиенттеріне 30 сәуірге дейін жеке кабинетіндегі мәліметтерді (шарттар, актілер, техникалық шарттар және басқа) жүктеп алу немесе сақтау ұсынылады.

«Орталықтың клиенттері көрсетілген қызмет нәтижесінің екінші данасын қызметті беруші коммуналдық мекемеден тікелей ала алатынын қосымша хабарлаймыз. 1 мамырдан кейін тұрғын үй-коммуналдық сектор ұйымдарының қызметтерін алуға байланысты барлық мәселелер бойынша цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасына хабарласуыңызды сұраймыз» дейді ведомстводан.

Фронт-офис жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Мекенжайы: Қошқарбаев көшесі, 29/1.


Жоғары қарай