Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

1 маусымда отбасы құндылықтарын дәріптеуге баса мән бергеніміз жөн - сарапшы

2020 жылдың 1 маусым 2020 19:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 маусымда отбасы құндылықтарын дәріптеуге баса мән бергеніміз жөн. Мұндай пікірді «Жаңа ұрпақ» көшбасшылар мектебінің негізін қалаушы Асхат Әбжанов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күні дейміз. Дегенмен, мұның өзі де - сауал туындататын мәселе. Балаларды кімнен қорғамақпыз? Соғыс жоқ, адамның ар-ожданын таптап, құқығын бұзатын жаппай оқиғалар да орын алған емес. Меніңше, балаларды ең алдымен ата-анасынан, яғни олардың балаларына дұрыс тәрбие бере алмауынан қорғау қажет сияқты», - деді ол.

Оның атап өтуінше, көптеген ата-ананың бойында орындалмай қалған арман, кішкентай кезіндегі өкпе-реніш қалып қойған. Олардың дәл сол комплексі балаларын тәрбиелеу ісінде кері әсерін тигізіп отыр.

«Сондықтан ең алдымен Үкімет 1 маусым күнінде отбасы құндылықтарын дәріптеп, отбасындағы ананың, әкенің, баланың рөліне, ұлды, қызды қалай тәрбилеу керектігіне қатысты сарапшыларды тарта отырып, жұмыс жүргізуі қажет. Өйткені, дәл осы мәселелер - бүгінгі қоғамымызда өте өзекті болып отыр. Өйткені, қазір ақпараттық технологиялар өте жылдам дамыған заман. Жасөспірім өмірі интернетпен біте қайнасып, ажырамас бөлігіне айналған. Балаларымыз ата-анадан емес, сол интернеттен тәлім-тәрбие алып жатыр. Бұл - өте күрделі мәселе. Сондықтан 1 маусымда отбасы институтын дәріптеуге баса мән берген жөн болар еді», - деді Асхат Әбжанов.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Қоғам, Білім,
Жоғары қарай