Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

1 маусымнан бастап egov.kz порталына 1-сыныпқа қабылдауға 1139 өтінім түскен

2020 жылдың 3 маусым 2020 11:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігі білім жүйесін цифрландырып жатыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған онлайн брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігі білім жүйесін, соның ішінде 1-сыныпқа қабылдау жүйесін цифрландырып жатыр. Құжатты электронды түрде қалай тапсыруға болатынын айтып өтейін. Egov.kz порталында «Білім» деген бөлім бар. Ол бірнеше бағыт бойынша бөлінген. Электрондық қолтаңбасы бар кез келген ҚР азаматы Egov.kz порталына тіркеліп, құжат тапсыра алады. Пароліңізді жазған соң жеке кабинетке кіріп, қандай қызмет түрі керек екенін таңдайсыз. Одан кейін қай аудан, қай мектеп екенін таңдап, құжаттарды тіркейсіз. Бұл құжаттар ҚР Білім және ғылым министрлігінің жүйесіне түседі», - деді Білім беру цифрлық трансформациялау департаментінің директоры Қанат Кенбай.

Ол 1 маусым күні 1-сыныпқа қабылдауға 645 өтінім түскенін айтты.

«Ал 1 маусымнан бүгінге дейін жалпы өтінім саны – 1139. Өтінімдер Білім және ғылым министрлігінің жүйесінде өңделеді. Баланы бірінші сыныпқа тікелей мектептің өзі қабылдайды, яғни осы жүйеге мектептің өзі кіріп, өңдейді. Бұл жерде Қазақстандағы барлық мектеп көрсетілген», - дейді ол.


Жоғары қарай