Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

1 млн науқасты қамтамасыз ететін дәрі-дәрмек сатып алынған

2020 жылдың 7 тамыз 2020 12:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ауруын амбулаториялық негізде емдейтін пациенттерге бес препаратты КВИ диагнозы мен емі туралы хаттамаға енгізуді мақұлдады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «КВИ жағдайына байланысты дәрі -дәрмекпен қамту мәселесі: баға, сапа, халықты қамтамасыз ету» тақырыбында өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қауіпсіздік жастықшасын» құру жұмыстары жүргізілуде - айына 100 мың науқасты емдеуге 24 миллиард теңге мөлшерінде екі айлық қажеттілік мөлшерінде тұрақтандыру қорын құру үшін ең қажетті 50 дәрі-дәрмек жеделдетілген режимде сатып алынады. Бұл екінші толқын үшін «қауіпсіздік жастығын» қамтамасыз етеді«, - дейді «СК-Фармация« ЖШС Басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев.

Сонымен қатар, ол коронавируспен жеңіл және орташа деңгейде ауырып жатқан науқастарды емдеу үшін енгізілген бес жаңа препарат туралы айтты.

»Көптеген жағдайда ауру жеңіл және орташа ауырлықта өтеді, бірақ медициналық қолдауды қажет етеді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дертін амбулаториялық негізде емдейтін пациенттерге бес препаратты КВИ диагнозы мен емі туралы хаттамаға енгізуді мақұлдады. Бұлар - қабынуға қарсы Парацетамол және Ибупрофен препараты, сонымен қатар Ривароксабан, Апиксабан және Дабигатран.

Қазір сатып алу процедуралары аяқталуда, 10 тамызға дейін біз жеткізуді бастаймыз. Олар 8,6 миллиард теңгеге сатып алынды. Бұл көлем 1 миллион науқасты қамтамасыз етуге жетеді (Денсаулық сақтау министрлігінің болжамы бойынша)«, - дейді спикер.


Жоғары қарай