Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

1 наурыз күні болатын маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылдың 28 ақпан 2021 20:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 1 наурыз күні болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

Нұр-Сұлтан

11:00-де онлайн режимде мал ұрлығымен күрес тақырыбында брифинг өтеді. ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таев осы бағыттағы қылмыстарға қатысты егжей-тегжейлі баяндайтын болады.

11:00-де Алғыс айту күніне орай «Қазақ еліне мың алғыс!» монументі жанында салтанатты рәсім өтеді. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Парламент депутаттары, этномәдени бірлестіктер өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысады.

11:00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы музейінде «МЫҢ АЛҒЫС САҒАН, ҰЛЫ ДАЛАМ!» атты дөңгелек үстел отырысы өтеді. Бұл жиын Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылмақ.

15:00-де Қазмедиа орталығында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Алғыс айту күніне байланысты дөңгелек үстел отырысы басталады.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары Майя Бекбаева және Закиржан Кузиев, Парламент Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысады.

15:00-де Қазақстан» орталық концерт залында «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының әртістері Алғыс айту күніне орай «Мейірімді болайықшы, бауырлар!» атты қайырымдылық концерт ұсынады.

Алматы

10:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде мемлекет және қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Өмірбек Жолдасбековтің 90 жылдық мерейтойын атап өтуге арналған іс-шара өтеді.


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Алматы, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай