Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

1 шілде. Туған күн иелері

2020 жылдың 1 шілде 2020 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат 1 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




83 жыл бұрын (1937) партия, мемлекет және саяси қайраткер Асқар Алтынбекұлы ҚҰЛЫБАЕВ дүниеге келді.

Техникалық ғылымдарының докторы (2003). ҚР және Халықаралық инженерлік академиясының академигі (1992), Қазақстанның құрметті инженері (2001).

Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын (1961, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті), Қазақ политехникалық институтын (1975, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) және Алматы жоғары партия мектебін (1981) бітірген.

Алматы қаласындағы құрылыс мекемелерінде инженер, басшылық қызметтерде (1961-1983) болды. Алматы қалалық атқару комитетінің төрағасы (1983-1985), Гурьев (қазіргі Атырау) облысы партия комитетінің 1-хатшысы (1985-1990), Республикадағы мемлекеттік құрылыс комитеті төрағасының 1-орынбасары, төрағасы (1990-1993), ҚР Тұрғын үй және құрылыс министрі (1993-1994 және 1995-1997), ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы Материалдық қорлар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы (1994-1995), ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне қарасты Тұрғын үй және құрылыс саясаты комитетінің төрағасы (1997-1998) қызметтерін атқарған. 1998 жылдан «Жібек жолы- Қазақстан ұлттық компаниясы» АҚ-ның президенті, Н.А. Марабаев атындағы «Мұнайшы» қоғамдық қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы болды.

ҚР Мемлекеттік (2003), ЮНЕСКО-ның Халықараралық сыйлықтарының лауреаты. «Достық», «Отан» (1997), Халықтар достығы, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.




62 жыл бұрын (1958) ақын, «ҚазАқпарат» ҰК» АҚ агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, «Жайық-Пресс» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғайса-Ғали СЕЙТАҚ дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданында туған. Орал педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, облыстық «Орал өңірі» газетінің тілші, мәдениет бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ақынның өлеңдері баспасөз бетінде 1987 жылдан бері жарияланып келеді. Оның «Маңдай», «Аман бол, атамекенім», «Нарынның нар ұлдары», «Ай-арудың алқасы» атты кітаптары жарық көрген. Бір топ жырлары «Қарлығаш» ұжымдық жинағына енген.

Ол республикалық «Жалын» журналының Т.Айбергенов атындағы сыйлығының лауреаты, Қ.Мырза Әли атындағы облыстық мүшәйраның бас жүлдегері, Қазақ радиосы ұйымдастырған «Қазақстаным - қара шаңырағым» республикалық байқауының екінші жүлдегері болды.




56 жыл бұрын (1964) Еуразиялық экономикалық одақ сотының судьясы Венера Хамитқызы СЕЙТІМОВА дүниеге келді.

Қарағандыда дүниеге келді. С.М. Киров атынжағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1989).

Еңбек жолы: Жезқазған «Казлегснабсбытторг» заңгер, Жезқазған ет комбинаты, Сәтбаев горторгы (1989-1997); Жезқазған қалалық сотының судьясы (1997-2002); Ақмола облысы сотының судьясы (2002-2011); Алматы қалалық сотының судьясы (2011-2013); ТМД экономикалық сотының судьясы (2013-2014).

Қазіргі лауазымында - 2015 жылғы қаңтардан бастап.




45 жыл бұрын (1975)ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Есжан Амантайұлы БІРТАНОВ дүниеге келді.

Ол өз қызметін 1998 жылы ҚР Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаментінің бас дилері лауазымынан бастаған. Департамент құрамында бірқатар қызметтерді атқарып, 2005 жылы осы департаменттің директорының орынбасары болып тағайындалып, Ұлттық Банктің алтын валюталық активтері және 2012 жылы 85 млрд АҚШ долларын құраған, ҚР Ұлттық қорының активтерінің инвестициялық басқаруына жетекшілік етті.

Оның тікелей қатысуымен, 2012 жылы ҚҰБ ҰИК құрылған. ҚР Президентінің келісімімен, корпорацияның басқармасының бірінші төрағасы болып тағайындалып, 2012 жылдың қазан айынан 2014 жылдың наурыз айына дейін еңбек етті. 2014 жылдың сәуір айынан 2015 жылдың маусым айына дейін ҚР Ұлттық Банкі төрағасының кеңесшісі және жоспарлау және бюджет департаментінің директоры болып қызмет атқарды. «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» АҚ басқарушы директоры.

Қазіргі қызметінде - 2019 жылдың наурыз айынан бастап.




45 жыл бұрын (1975) ҚР Сыртқы істер министрлігі Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Батырхан ҚҰРМАНСЕЙІТ дүниеге келді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Орталық Азия университетін бітірген. Мамандығы бойынша шығыстанушы-филолог, жапон әдебиеті пәнінің оқытушысы, заңгер, PhD докторы, І хатшы дипломатиялық дәрежесі бар.

Еңбек жолын «NIKA SERVICE-1» ЖШС мекемесінде директор болып бастаған. 2008-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка Департаментінің екінші хатшысы, Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы, кеңесшісі, кеңесші-уәкілі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының инспекторы, ҰКП «Атамекен» Сыртқы сауда палатасы Халықаралық ынтымақтастық Департаменті секторының меңгерушісі лауазымдарында, 2015-2016 жылдары «New & Rare Resources» ЖШС бас директоры қызметін атқарған. 2017-2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы болған. 2018-2019 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың сәуірінен.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай