Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

1 шілдеден бастап елімізде темекі бағасы қымбаттайды

2020 жылдың 30 маусым 2020 14:00

АҚТАУ. ҚазАқпарат - 2020 жылғы 1 шілдеден бастап темекі мен шылымның ең төменгі бағасы 440 теңге болады. Бұл жөнінде Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

2020 жылғы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанына дейін сүзгісі бар және сүзгісіз темекі мен шылымға 440 теңге көлемінде ең төмеңгі баға белгіленеді.

Бүгінгі таңда 30 маусымға дейін кезеңде сүзгісі бар және сүзгісіз темекі мен шылымның ең төменгі бағасы - 420 теңге көлемінде.

Темекі бағасы ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі қаулысымен бекітілген.

Ал 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап темекі мен шылымның ең төменгі бөлшек бағасы 460 теңге болады.


Жоғары қарай