Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

1 жыл ішінде 28 арнайы инвестициялық келісімшарт жасалды - Индустрия министрлігі

2021 жылдың 29 маусым 2021 17:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті арнайы инвестициялық келісімшарттар жасасу жөніндегі жұмысты 2020 жылғы шілдеде бастады. Осы уақыт ішінде 28 ӘЖК және 28 қосымша келісім жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомоствоның Telegram- каналына сілтеме жасап.

Келісімшарттар машина жасау, қара металлургия құрылысы, химия, жеңіл және фармацевтикалық өнеркәсіп, сондай-ақ энергетика саласында жасалды.
Инвестициялық келісімшарттарға арнайы экономикалық аймақтың 15 қатысушысымен, 12 еркін қойма иелерімен және моторлы көлік құралдарын құрастыратын 1 өнеркәсіптік кәсіпорынмен қол қойылды.
Бұл кәсіпкерлерге инвестициялық артықшылықтар береді: импортты кедендік баждардан босату және компоненттер мен қосалқы бөлшектерді импорттау кезінде ҚҚС төлеу.
Бұдан басқа, келісімшарттарға қол қою өндірістер орналасқан өңірлердің экономикасын дамытуға оң әсер етеді: салық түсімдері ұлғаюда, жаңа жұмыс орындары құрылып жатыр.
Өз кезегінде, келісімшартқа сәйкес кәсіпорындар жаңа өндірістерді жаңғыртуға және игеруге, сондай-ақ көлемін ұлғайтуға тиіс.


Жоғары қарай