Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

10 адамды өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды

2020 жылдың 20 қараша 2020 12:32

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматыда 10 адамды өлтірді деп айыпталған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, С. есімді ер адам 2013 жылы сегіз адамды өлтіргені үшін айыпты деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Ол жазасын «Қара бүркіт» қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеп жатыр. Жақында оның тағы екі әйелдің өліміне қатысы бар екені анықталып, дәлелденді. Осы іске қатысты бүгін сот шешім шығарды.

«2001 жылдың күзінде С. жәбірленушілер Б. мен К.-ның пәтерлерін иемдену мақсатында олардың сеніміне кірген. Сол жылдың қазан айында Б. мен К. есімді әйелдерді жалға алған үйге шақырып, онда ол басқа адамдармен бірге оларды өлтірген. Кейіннен сотталушы мен тағы басқа адамдар меншік құқығының құжаттарын иемденіп, жалған сенімхаттар арқалы пәтерлерді сатқан», - делінген соттың хабарламасында.

Алқабилер сотының шешімімен cотталушы Қылмыстық кодекстің 96-бабы, 2-бөлігі, «а, ж, з» тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, оған қайтадан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Жоғары қарай