Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

10 айда негізгі капиталға 9,4 трлн теңге инвестиция тартылды

2020 жылдың 10 қараша 2020 09:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 10 айында негізгі капиталға 9,4 трлн теңге сомасында инвестиция тартылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында 10 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндаған ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізгі капиталға 9,4 трлн теңге сомасында инвестиция тартылды. 13 өңір өсу көрсетті. Оның ішінде ең жоғары көрсеткіштер Түркістан облысында және Шымкент қаласында байқалып отыр. 4 өңірде төмендеу тіркелді. Олар: Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда және Қарағанды облыстары», - деді министр.

Оның айтуынша, құрылыс секторы серпінді өсуді көрсетіп отыр. Орындалған жұмыстардың көлемі 10,7 пайызға өсті. Белсенді құрылыс жұмыстары Түркістан облысында және Шымкент қаласында байқалады. 10,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,7 пайызға көп.

Өңірлерде 7 экономикалық көрсеткіш бойынша жалпы жағдай келесідей. 5 көрсеткіш бойынша 9 өңірде өсу байқалады. Олар: Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы. Сондай-ақ 6 өңірде 3-4 көрсеткіш бойынша өсу тіркелді. Бұл орташа деңгей. 2 өңірде 2 көрсеткіш бойынша ғана өсу байқалады. Олар: Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары», - деді Руслан Дәленов.


Жоғары қарай