Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

100 мыңнан астам кәсіпкердің өтініш-тілегі Президентке тікелей жеткізілді – Абылай Мырзахметов

2022 жылдың 25 қаңтар 2022 20:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде отандық бизнеске айтарлықтай шығын келді. Бүгінде бизнеске келген шығынды жою жолдары қаралып жатыр. Осы орайда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер арасында анонимді сауалнама жүргізді.

Бұл туралы палатаның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз қаңтар оқиғасына қатысты кәсіпкерлер арасында 3 рет ке ауқымды анонимді сауалнама жүргіздік. Оған 100-мыңнан астам кәсіпкер қатысты. Кәсіпкерлердің ұсыныс, пікірі мен өтініш-тілегі тікелей Президент пен Үкіметке жеткізілді. Осылайша кәсіпкерлермен кері байланыс орнатып жатырмыз», - деді Абылай Мырзахметов Facebook парақшасындағы тікелей эфир барысында.

Оның айтуынша, сауалнама жүргізу барысында санға емес сапаға мән берілді.

«Проблеманы анықтап, оны шешуде сауалнаманың маңызы зор. Бірақ, сапа маңызды. Сондықтан біз сауалнама әрбір қазақстандық кәсіпкердің үнін естігіміз келеді. Бізге келген жауапта біраз дүние қозғалған. Оның ішінде құзырлы органдар мен әкімдіктердің жұмысына қатысты. Жекелеген компаниялардың қызметі туралы айтылған. Одан бөлек, мемлекеттік субсидия мен грантқа ие болудың қиындығы туралы сөз қозғалған. Сауалнаманың нәтижесі «Атамекен» ҰКП-ның сайтында және менің әлеуметтік желідегі парақшамда жария етіледі. Танысып көре аласыздар», - дейді ол.

Сондай-ақ, басқарма төрағасы кәсіпкерлер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінің мемлекеттік органдар мен әкімдіктер үшін де пайдалы болатынын жеткізді.

Бұған дейін жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан құжаты жойылып кеткен кәсіпкерлерге төлемақы қалай берілетіні туралы хабарлаған едік.

Одан бөлек, жаппай ереуілдер кезінде залал келген кәсіпкерлерге төлемақы қашан беріле бастайтыны айтылды.



Жоғары қарай