Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«100 жаңа есімі» жастарға жаңа көкжиектер ашады – шахтер Даниель Диль

2021 жылдың 30 сәуір 2021 15:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Даниель Диль жобаның жастар үшін жаңа шекаралар мен көкжиектер ашатынына сенімді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шахтерлік пен спортты біріктірген жігіт жуықта ғана Болгарияда спорттық акробатикадан өткен әлем кубогында 3-орынға ие болды.

Даниель Диль Костенко атындағы шахтада жерасты тау-кен жұмысшысы болып жұмыс істейді. Анасы да осы салада еңбектеніп жүр.

«Шахтадағы жұмыс пен спортты біріктіру оңай емес. Бірақ біртіндеп бұл өмір салтына айналады. Анам да шахтада жұмыс істейді. Шахтаның ауыр жұмысы менің хоббиіме кедергі болған жоқ. Керісінше, шыңдай түсті» - деді Даниэль Диль.

Бірнеше күн бұрын спортшы Болгариядағы жарыстан оралған екен. Спорттық акробатикадан өткен әлем кубогының кезеңінде 3-орын алған.

«Спорт федерациясы «100 жаңа есім» жобасына қатысуға менің кандидатурамды ұсынды. Әр жұмыстың қиындығы бар. Ал спорт мінезімді шыңдады. Мен үшін «Қазақстанның 100 жаңа есімі» беделді жобасының финалистер қатарына кіру – күтпеген жағдай болды. Қалай болғанда да, жоба жастар үшін жаңа көкжиектер ашады», - деді спортшы шахтер.


Жоғары қарай