Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

11 адам жазылды. Алматыдағы короновирус жағдайы

2020 жылдың 2 сәуір 2020 12:17

Қазіргі уақытта Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 90 жағдайы тіркелді.

Инфекциялық стационарларда Алматы облысынан 1 пациентті ескере отырып, КВИ 80 адам жатыр, оның ішінде 1 бала бар.
68 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жай-күйі – ауыр, 10 ересек адамның жай-күйі орташа ауырлық деңгейінде (1 облыстық).
Барлық емдеуге жатқызылғандардың ішінде екі жаағдай – бұған дейін анықталған пациенттермен байланыста болған адамдар.
Барлық байланысқан адамдар бүгінгі күні табылған және оқшаулауға орналастырылған.
Кеше Covid-19-дан сауығып, тағы бір пациент ауруханадан шығарылды.
Жалпы, қазіргі уақытта коронавирустық инфекция расталған, сауығып ауруханадан шығарылғандар саны 11 адамды құрайды.
Қазіргі уақытта провизорлық орталықтарда барлығы 619 адам бар, оның ішінде 81-і бала.
Екі күндік карантиндік оқшаулауда 520 адам жатыр, оның ішінде 50-і бала.
Үй карантинінде 3853 азамат бар.
Басты сөздер:
Жоғары қарай