Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

11 айда 157 млрд теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталды – Қаржы министрлігі

2021 жылдың 9 желтоқсан 2021 09:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың 11 айында 157 млрд теңгенің қаржылық бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Камералдық бақылаумен осы жылғы 11 айдың ішінде 11,3 трлн теңгеге 897 мыңға жуық мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды. Тексеру қорытындылары бойынша 36,8 мың рәсім бойынша бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде мемлекеттік аудит нысандары бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың 97 пайызын орындады», - деді министр.

Оның дерегінше, 2 996 аудиторлық іс-шара өткізілді. Аудитпен 1 трлн 848 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылды. 157 млрд теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар анықталды.

«Тауарларды жеткізумен, қызметтерді көрсетумен және жұмыстарды орындаумен қалпына келтіру, бюджетке өтеу және есепте көрсету жолымен 127 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды. Аудит нысандары қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 2,6 мың ұсыным берілді», - деді Ерұлан Жамаубаев.


Жоғары қарай