Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

11 сәуір. Туған күн иелері

2021 жылдың 11 сәуір 2021 08:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 11 сәуірде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




64 жыл бұрын (1957) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Файзола Бөкейұлы БІСМІЛДИН дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. Қарағанды мемлекеттік медициналық университетін санитария мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан, Ресей, Армения, АҚШ, Германия, Канада және Австралияда дәрігерлердің біліктілігін арттыру курстарынан және тағылымдамадан өткен.

Еңбек жолы: 1981-195 жылдары –Павлодар облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясында санитар дәрігер, коммуналдық гигиена бөлімінің меңгерушісі. 1985 жылы Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің бас санитарлық-эпидемиологиялық бөлімінің инспектор-дәрігері болды. 1991-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің көмекшісі, коллегия хатшысы. 1995-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Бас санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы басшысының орынбасары, басшысы Министрлікте, Денсаулық сақтау комитетіндегі түрлі лауазымда болған. 2001-2005 жылдары – Парламент Мәжілісі аппаратының Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетте кеңесші, сектор меңгерушісі, бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2005-2007 жылдары – Астана қаласының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры. 2007-2009 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі. 2009-2013 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры. 2013-2017 жылдары көліктегі ТҚҚ департаменті басшысының орынбасары. 2017-2018 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры.

Қазіргі қызметінде 2018 жылдың қаңтар айынан бастап. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен марапатталған.




61 жыл бұрын (1960) Парламент Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Сергей Михаилович ЕРШОВ дүниеге келді.

Өзбек КСР-да туған. Алматы сәулет-құрылыс институтын «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: «Қазақмыс» корпорациясының корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі директоры (2014); Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі (2012-2014); Қарағанды облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі (2014-2017). Парламент Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитет мүшесі (2017-2020).

Қазіргі лауазымында 2020 жылдың қыркүйегінен бастап.




60 жыл бұрын (1961) мемлекет қайраткері, дипломат, Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Ахметұлы МУСИНОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. А.Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген.

Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін Ливияда әскери аудармашы болып істеген. 1987-1991 жылдары - Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінің екінші, бірінші хатшысы. 1991-1992 жылдары - Ресей Федерациясының Сауд Арабиясындағы елшілігінің екінші хатшысы. 1993-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты халықаралық бөлімінің аға референті, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің бастығы, Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы елшілігінің бірінші хатшысы - консулдық бөлімінің меңгерушісі. 1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Бас консулдық басқармасының бастығы, Консулдық қызмет департаментінің директоры. 1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы. 1999-2002 жылдары - Қазақстан Республикасының Мысырдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасының Марокко, Тунис және Алжирдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы. 2002-2006 жылдары - Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі және Бахрейн Корольдігіндегі, Кувейт мемлекетіндегі, Оман Сұлтанатындағы, Катар мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы. 2006-2008 жылдары - Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2008-2013 жылдары - Оңтүстік Африка Республикасындағы Қазақстан Елшісі. 2013-2014 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы. 2014-2016 жылдары - ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары. 2018 жылдан бастап Ислам Ынтымақтастық ұйымы бас хатшысының ғылым және технологиялар мәселелері жөніндегі орынбасары. ІІ дәрежелі «Достық» орденімен (2005), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) мерейтойлық медальдарымен марапатталған. ҚР Үкіметі басшысының алғыс хатын (2012), І дәрежелі «БАӘ тәуелсіздігінің орденін алған.




45 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Татьяна Михайловна САВЕЛЬЕВА дүниеге келді.

Ақмола аграрлық университетін«Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, Еуразия ұлттық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1999-2002 жылдары Астана қаласы Қаржы басқармасында жетекші маман болып бастады. 2002 жылдың мамыр-қазан айларында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігін Мемлекеттік бюджет департаменті республикалық бюджетті әзірлеу басқармасының бюджетті әзірлеу бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 2002-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде әртүрлі лауазымда: бас маман, бөлім бастығы, Басқарма бастығының орынбасары, бас сарапшы, Бюджет саясаты және жоспарлау департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаментінің директоры қызметін атқарды. 2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаментінің директорының орынбасары, департамент директоры. 2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры.

Қазіргі қызметінде 2016 жылдың сәуір айынан бастап.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалімен марапатталған.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай