Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

11 тамыз: Туған күн иелері

2019 жылдың 11 тамыз 2019 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 11 тамызға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




58 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі НЫСАНБАЕВ Ерлан Нұралыұлы дүниеге келген.

Алматы облысында туған.

Қазақ ауыл шаруашылығы институты және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін тәмамдады. Орман шаруашылығы инженері, қаржы саласының маманы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1983 жылдың қыркүйек айында Алматы облысындағы орман шаруашылығының шебері ретінде бастады.

2006 жылдан 2009 жылға дейін «Астана-Зеленстрой» АҚ-ның бас директоры қызметін атқарды.

2009 жылдан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы болған. 2013-2014 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі болды. ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі (2014-2019).

Қазіргі қызметінде - 2019 жылдың сәуір айынан бастап.

«Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.




29 жыл бұрын (1990) қазақстандық кәсіпқой боксшы, Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері Иван Фёдорович ДЫЧКО дүниеге келді.

Қостанай облысында туған. Рудный индустриялық институтында оқыды.
Жастар мен жасөспірімдар арасындағы ҚР чемпионы, көптеген халықаралық жарыстар мен турнирлерге қатысып, жүлдегер атанған, Гуанчжоуда өткен бокстан Азия ойындарының күміс жүлдегері. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін халықаралық турнирде бірінші орынға ие болды.

Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері (Лондон-2012, Рио-де-Жанейро-2016), Әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері (екі күміс - Алматы-2013, Доха-2015, бір қола - Баку-2011), Азия чемпионы (Амман-2013), Азия ойындарының чемпионы (Инчхон-2014) және күміс жүлдегері (Гуанчжоу-2010). 2015 жылы Қазақстанның үздік боксшысы деп танылған. Қазіргі таңда кәсіпқой рингте жұдырықтасады.

Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай