Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

11 жылға сотталған Қырғыз президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров ақталды

2020 жылдың 20 қазан 2020 11:50

БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанның Жоғары соты осы елдің президенті міндетін атқарушы Садыр Жапаровты ақтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Садыр Жапаровпен бірге Қамчыбек Ташиев және Талант Мамытовтың істі қайта ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарастыру туралы өтініші қанағаттандырылды.

Қырғызстан Республикасы Жоғарғы сотының баспасөз қызметінен хабарлағандай, ҚР Жоғарғы сотының 2013 жылғы 6 тамыздағы қаулысы мен жекеменшік ұйғарымы жойылды, ал қылмыстық іс кассациялық тәртіпте қарауға жіберілді.

Еске сала кетсек, Садыр Жапаров 2013 жылы Ыстық көл облысының губернаторын тұтқынға алу ісі бойынша 11,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Қамчыбек Ташиев пен Талант Мамытов 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Алайда Бішкек қалалық соты депутаттарды ақтап шығарды.

Еске салсақ, 15 қазанда Қырғыстан Премьер-министрі Садыр Жапаров өзін президент міндетін атқарушы ретінде жариялады.

Сонымен қатар, Садыр Жапаров Қырғыз президенті сайлауына түсуінің ережесін айтты.



Басты сөздер: Қырғызстан, Әлем,
Жоғары қарай