Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

12 мамыр күні болатын маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылдың 11 мамыр 2021 20:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 12 мамыр күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Отырыстың күн тәртібіне Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2021 жылғы қаңтар-сәуірдегі республикалық бюджеттің атқарылуы кіреді. Үкімет отырысының тікелей көрсетілімін PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.KZ және Aitube.kz порталдарынан, YouTube-тің ресми арнасынан және Facebook, Twitter, ВКонтакте әлеуметтік желілерінен көруге болады.

10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді.

12.00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР Ұлттық музейі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бірлескен «Спорт батырлары» жобасы аясында бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаевпен кездесу және жеке құнды заттарын ҚР Ұлттық музей қорына салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтеді.

12.30-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Тәуелсіздік ұрпақтары» және «Профнавигация» атты баспасөз конференциясы өтеді. Спикерлер: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов, «Азаматтық және құқықтық бастамаларды дамыту» ҚҚ өкілі Ернар Жақашев, «Bolashaq» қауымдастығының атқарушы директорының орынбасары Алишер Дунгенин, BTS Education және «Қазақстанның жаңа кәсіптері мен құзыреттерінің атласы» жобасының жетекшісі Нұрбек Саясат. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровпен офлайн форматта кездесу өтеді. Іс-шара адам баласының ғарышқа алғашқы ұшуының 60 жылдығы, Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшуының 30 жылдығына арналған көпшілік бағдарлама аясында «Адамға табын, жер, енді!» халықаралық көрме алаңында ұйымдастырылады.

В 16.00 состоится заседание постоянной комиссии по вопросам строительства, экологии, транспорта, торговли и жилищно-коммунального хозяйства на тему: «О работе местного исполнительного органа по организации работ по строительству, реконструкции, ремонту и содержанию автомобильных дорог в столице». Заседание состоится в режиме онлайн в аккаунте Маслихата в социальной сети Facebook (www.facebook.com/maslihat.astana.kz).

16:00-де «Жергілікті атқарушы органның құрылысты, қайта жаңартуды, жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі жұмысы туралы» тақырыбында

құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтеді. Кездесу онлайн режимінде Мәслихаттың Facebook есептік жазбасында (www.facebook.com/maslihat.astana.kz) өтеді.

16.30-да Орталық коммуникациялар қызметінде «МӘМС аясында медициналық көмекті қаржыландыру және оның көлемі: 2021 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтнді. Спикерлер: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ медициналық көмектің сапасын бақылау Департаментінің директоры Ляззат Шоманова, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ жеке және заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі Департамент директоры Забира Оразалиева.Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.


Автор Зарина Қаһарман
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай