Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

12 шілде. Туған күн иелері

2020 жылдың 12 шілде 2020 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат 12 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




53 жыл бұрын (1967) «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ бас редакторы Асыл Ұланұлы САҒЫМБЕКОВ дүниеге келді.

Еңбек жолы: «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы болды. «ҚазАқпарат» ақпараттық агенттігінде, «Еңбек» газетінде жұмыс істеген. «Вечерний Алматы» газетінің бас редакторының орынбасары болды.

Қазіргі қызметінде 2017 жылдың тамыз айынан бастап.






42 жыл бұрын (1978) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (Болашақ бағдарламасы) президенті Айнұр Бағдатқызы КӘРІБОЗОВА дүниеге келді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында Лондон экономика мектебінің «Мемлекеттік басқару және менеджмент» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.

Еңбек жолы: 2000–2019 жылдар аралығында ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті, Ақпарат және талдау басқармасы, Қазақстанның Оңтүстік Корея және Ұлыбританиядағы елшіліктерінде қызмет етіп, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы Оқытуды ұйымдастыру және мониторинг департаментінің директоры, «KazakhInvest» АҚ және «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының Ұлыбританиядағы өкілдіктерінің басшысы лауазымдарын атқарған.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап.




40 жыл бұрын (1980) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Талдау және болжамдау орталығы меңгерушісінің орынбасары Қайсар ЖҰМАБАЙҰЛЫ дүниеге келді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша бітірді.

1997-2009 жылдар аралығында түрлі БАҚ саласында қызмет атқарды. Атап айтқанда, «Столичное образование», «31 арна», «Қазақстан» РТРК, «Хабар» АҚ әртүрлі қызмет атқардыбар. Инвестиция және даму министрінің баспасөз хатшысы, Астана әкімінің кеңесшісі, «Астана ақшамы» газеті редакциясы» ЖШС директоры болды.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың наурыз айынан бастап.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай