Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

12 тамызда Нұр-Сұлтан мен Алматыда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 11 тамыз 2019 20:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 12 тамыз күні Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өтетін маңызды шараларға шолуды ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.30-да Ұлттық теннис орталығында 12 жасқа дейінгі балалар арасында Азияның командалық біріншілігінің ашылу салтанаты өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де Шекара қызметінің академиясында Алматы марафонының қайырымдылық шарасы аясындағы үш нысанның бірі таныстырылады.

Сағат 11.00-де«Almaty Towers» көпфункциялы кешенінде Қазақстан қор биржасы (KASE) дәстүрлі медиа-брифинг өткізеді. Оның барысында қазақстандық қор нарығының (соның ішінде валюталық нарықтың) 2019 жылғы шілдедегі жұмысы туралы статистикалық ақпарат ұсынады.

Сағат 12.00-де Ғ.Мүсірепов атындағы театрда Central Asia’s Got Talent («Орталық Азия таланттарды іздейді») телевизиялық жобасының төрт мемлекетте (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан) өткен іріктеу кезеңінің аяқталуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Перевод Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Алматы, Аймақ,
Жоғары қарай