Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

13 қазан. Туған күн иелері

2021 жылдың 13 қазан 2021 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 13 қазанға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




106 жыл бұрын (1915-1994) режиссер, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Асқар (Әлиасқар) ТОҚПАНОВ дүниеге келген.

Алматы облысының Іле ауданында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), Мемлекеттік театр өнері институтын бітірген. 1939-1944 жылдары және 1948-1951 жылдары Қазақ драма театрында қоюшы режиссер болып, М.Әуезов пен Л.Соболевтің «Абай», Ш.Хұсайыновтың «Марабай», Әуезовтің «Сын сағатта» мен «Еңлік-Кебек», С.Мұқановтың «Жеңіс жыры», Ғ.Мұстафиннің «Миллионер», А.П.Штейннің «Намыс соты», Д.Гоу мен А.Д.Юссоның «Терең тамырлар» спектакльдерін сахнаға шығарды. Бұдан кейін Балалар мен жасөспірімдер театрының, сондай-ақ Қарағанды, Гурьев (Атырау), Жамбыл облыстық драма театрларының көркемдік жағын басқарып, спектакльдер қойды. Ол спектакльдерді қоюмен бірге, өзі де кейбір басты рөлдерді ойнап, сахна өнерінің өзекті мәселелері туралы зерттеу-мақалалар және пьесалар жазды. Сонымен қатар Г.Ибсеннің, А.Островскийдің, А.Чеховтың, А.Ф.Софроновтың, М.Горькийдің туындыларын аударды. Педагогикалық қызметпен де шұғылданып, 1939-1944 жылдары Алматыдағы театр училищесінде және Өнер институтында (қазіргі Алматы театр көркемсурет институты) дәріс беріп, 1955-1963 жылдары кафедра меңгерушісі, 1975 жылдан профессоры болды. Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.




83 жыл бұрын (1938-1996) композитор, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Әсет Көпбайұлы БЕЙСЕУОВ дүниеге келген.

Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Алматы консерваториясын бітірген. 1961-1968 жылдары Текелі қаласындағы музыка мектебінің мұғалімі, мәдениет үйінің қызметкері, Есік қаласындағы музыка мектебінің мұғалімі, Ұзынағаш мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі болған. 1969-1980 жылдары «Гүлдер» ансамблінде, Қуыршақ театрында қызмет істеген. Ол қазақ эстрадалық музыкасының дамуына зор үлес қосты. Композитордың «Алмалы Алматым», «Гүлдер», «Көктем шақырады», «Мұңайма», «Алтыным», «Маралдым», «Сандуғаш», «Сырласу вальсі», «Жұлдызым», «Армандастар», «Жайықтан қайтқан тырналар», т.б. туындылары қазақ ән өнерінің алтын қорына енді. Сондай-ақ, бірнеше спектакльдерге (Ш.Құмарованың «Кімнің тойына», С.Балғабаевтың «Қыз жиырмаға келгенде», Ә.Тауасаровтың «Аса құрметті Икс»), кинофильмдерге («Көртышқан мен қоян»), телефильмдерге («Құрбақа мен Еңлікгүл», «Алдар Көсе», «Жаздың соңғы күні») музыка жазды. «Гүлдер», «Көктем шақырады», «Армандастар» атты ән жинақтары жарық көрді.




62 жыл бұрын (1959) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институтының директоры Әзімхан Әбілқайырұлы САТЫБАЛДИН дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. Қазақ Еңбек Қызыл туы орденді Ауыл шаруашылығы институтын Экономист-ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырушы мамандығы бойынша тәмамдаған (1981); Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі (2002), Ресей ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі (1996), Моңғолия ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі (1999).

Еңбек жолы: Жамбыл облысы Талас ауданы ауыл шаруашылығы басқармасында экономист, Жамбыл облысы Талас ауданы «Майтөбе» кеңшарында бас экономист (1981-1983); Қазақ АӨК экономикасы және ұйымдастыру ҒЗИ күндізгі аспирантурасында оқыған (1984-1986); экономика Қазақ қой шаруашылығы ҒЗТИ кіші, аға ғылыми қызметкері НИТИ (1986-1989); Қазақ АӨК экономикасы және ұйымдастыру ҒЗИ АҒҚ, бөлім меңгерушісі, директордың ғылым жөніндегі орынбасары (1989-1993); Президиумының Бас ғылыми хатшысы болып тағайындалған (1994); «Шымкент» ғылыми-өндірістік бірлестігінің бас директоры (1995); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары (1995-1996); ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Парламенті Сенаты Өңірлік дамыту және өзін-басқару комитетінің хатшысы (1996); Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының Бас директоры (1996-2003); Дүниежүзілік ауыл шаруашылығы зерттеулері ұйымы Президиумының мүшесі, Орталық Азия және Кавказ елдері ауыл шаруашылығы зерттеулері жүйесінің Президенті (1997-2003); Қ.А.Яссауи атындағы қазақ-түрік университеті түркі тілдес елдердің ықпалдастық байланыстарын зерттеу институтының директоры (2005-2007); Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Департамент директоры, Тәртіптік кеңес Төрағасы (2007-2014); «КазАгроИнновация» АҚ Басқармасының Төрағасы (2014 жылдан).

Қазіргі лауазымын 2015 жылдан бері атқарып келеді.

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» атағымен (1999 ж.), «Құрмет» орденімен (2007 ж.), «Парасат» орденімен (2012 ж.), Ресей Федерациясының «Михайл Ломоносов» орденімен (2008 ж.) марапатталған. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1988 ж.); «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (1994 ж.).




58 жыл бұрын (1963) Алматы қаласының әкімі Бақытжан Әбдірұлы САҒЫНТАЕВ дүниеге келді.

Жамбыл облысының Үшарал ауылында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген.

1985 жылдан - Алматы халық шаруашылығы институтының саяси экономия кафедрасының меңгерушісі. 1988 жылдан С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент. 1992 жылдан коммерциялық құрылымдарда басшылық жұмыстарда болды. 1998 жылдан - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары. 1999 жылдан - ҚР шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары. 2000 жылдан - «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ басқарма төрағасы. 2001 жылдан ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары. 2004 жылдан - ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы. 2007 жылдан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы. 2008 жылдан - Павлодар облысының әкімі. 2012 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін - ҚР Экономикалық даму және сауда министрі. 2012-2013 жылдары - «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары (2013-2016); ҚР Премьер-Министрі (2016-2019); Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы (2019-24.03.2019); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы (03.2019-06.2019). Қазіргі қызметінде 2019 жылғы маусымнан бері.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентiне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.




56 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры Қанат Несіпбайұлы ЖҰМАБАЕВ дүниеге келген.

Мәскеу мемлекеттік университетін және МГИМО сыртқы экономикалық қызмет үшін мамандар даярлау мектебін бітірген. Еңбек жолы: «ҚазАстықТранс» ЖШС басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасының қызметкері; «Алатау» Емдеу-сауықтыру кешені» АҚ президенті (2014 жылдан); Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт лидері Қорының атқарушы директоры.

Қазіргі лауазымын 2020 жылдың қаңтардан бері атқарып келеді.




56 жыл бұрын (1965) Қарағанды облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Кәрімұлы ШӘРІПОВ дүниеге келді.

Павлодар облысы Ертіс қаласында туған. 1990 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2006 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолы:1988-1990 жылдары – С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетінің комсомол комитетінің хатшысы. 1990-1992 жылдары – Қазақ мемлекеттік университетінің әкімшілік құқық кафедрасының ассистенті. 1992-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының Азаматтық және кешірім жасау бөлімінің аға көмекшісі. 1995-1996 жылдары – Алматы Фрунзе ауданының халық сотының судьясы. 1996-2007 жылдары – Алматы қаласының Медеу аудандық сотының судьясы. 2007-2008 жылдары – Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы. 2008-2010 жылдары – Маңғыстау облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы. 2010-2012 жылдары – Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы. 2012-2017 жылдары – Оңтүстік- Қазақстан облыстық сотының төрағасы.2017-2019 жылдары –Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысы.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдан бастап.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Құрмет» орденімен марапатталған.




52 жыл бұры (1969) Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің вице-президенті Данияр Рүстемұлы ӘБІЛҒАЗИН дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1991 жылы Ф. Э. Дзержинский атындағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жоғары мектебін «радиобайланыс әскери инжинері» мамандығы бойынша, 2003 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:1991-1992 жылдары — ҚР ҰҚК 1-ші басқармасының кіші жедел уәкілі. 1992-1994 жылдары — «ФМС Лтд» компаниясы бас директорының орынбасары.

1994-1995 жылдары — «Бірінші қазақстандық ерікті зейнетақы қоры» АҚ Басқарма төрағасы. 1995-1996 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің бас маманы, басқарма бастығы. 1996-1997 жылдары — ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық бастығының орынбасары. 1997-1998 жылдары — ҚР Қаржы министрлігі Бюджет департаментінің директоры. 1998-2000 жылдары — ҚР қаржы вице-министрі.1999-2000 жылдары — Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті директорының міндетін атқарушы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы. 2000-2002 жылдары — «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ вице-президенті-аппарат басшысы.2002-2003 жылдары — «Каспий өнеркәсіптік-қаржы тобы» ЖШС Бас директорының орынбасары.2004-2006 жылдары — «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ БК үлес бойынша басқарушы директоры. 2006 жылдың ақпан-маусым айларында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры, «Қылыш» ЖШС серіктестік комитетінің төрағасы болды. 2006-2007 жылдары — «ҚазМұнайГаз»Ұлттық компаниясы» АҚ президентінің кеңесшісі ретінде еңбек етті.2007 жылғы шілде-қазан айларында — «ҚазМұнайГаз»Ұлттық компаниясы» АҚ корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директоры. 2007-2008 жылдары — «Каспий өнеркәсіптік-қаржы тобы» ЖШС бас директоры.2008 жылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры « АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі болып жұмыс істеді.2010-2012 жылдары — «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ-ның электр энергетикалық және мұнай-газ активтерін, мұнай-газ және тау-кен өнеркәсіптік активтерін басқару мәселелері жөніндегі басқарушы директоры. 2012-2014 жылдары — «ТЭК» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы.

2014-2015 жылдары — «KAZENERGY» ЗТБ қауымдастығы Төрағасының кеңесшісі, «Атамекен» ҰКП президиумының мұнай өнеркәсібі комитетінің төрағасы.2015-2019 жылдары — ҚР ҰОК Бас хатшысы.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың қаңтар айынан бастап.

«Құрмет» (2010), «Парасат» (2015) ордендерімен, төрт медальмен марапатталған.




47 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары Азамат Қуатұлы АХМЕТОВ дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. Экономикалық және заңгерлік мамандығы бойынша, 1996 жылы Қазақ Еңбек Қызыл Ту ордені ауылшаруашылық институтын «экономика және басқару» АӨК салаларында және 1999 жылы Д.А. Қонаев атындағы Гуманитарлық заң факультеті университетінде білім алған.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитеті, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитеті, кеден органдарында және көлік бақылау саласында қызмет еткен. 2007 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жүйесінде қызмет атқарады. 2017 жылдың тамыз-қараша - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары. 2017 жылдың қараша айынан 2018 жылдың маусымы аралығында ҚР Қаржы министрлігі қазынашылық Комитеті төрағасы болды. Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы (2018-2019). ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылар құқын қорғау комитетінің төрағасы (2019-2020).

Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың тамызынан бастап.

«Құрмет» орденімен, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен, Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.




46 жыл бұрын (1975) «Atameken Business Channel» телеарнасының бас директоры, ҚР Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Қанат Ақылбайұлы САХАРИЯНОВ дүниеге келді.

1997 жылы Қазақ мемлекеттік медициналық университетін, 2001 жылы Қазақ ұлттық заң академиясын, 2008 жылы France және Халықаралық бизнес академиясын, IE MBA - Executive Master of Business Administration, HEC бірлескен бағдарламасы, 2015 жылы International Executive MBA, Іскерлік әкімшілік басқару шебері, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы мемлекеттік қызмет, Халықаралық бизнес академиясын бітірген. Іскерлік әкімшілікті басқару докторы.

Еңбек жолы: 2001-2006 жылдары кеңесші-заңгер, «Хабар» Агенттігі» АҚ, заң бөлімінің басшысы. 2006-2012 жылдары - «Хабар» агенттігі» Басқармасының мүшесі, Басқарма төрағасының бірінші орынбасары. 2012 жылдан - «Қазмедиа орталығы» компаниясы басқармасының бас директоры. 2014-2016 жылдары «Коммерциялық телевизиялық арна» АҚ бас директоры. 2016-2017 жылдары - «Хабар» Агенттігі» Басқарма төрағасының орынбасары. «Atameken Business Channel» Бақылау кеңесінің төрағасы (2017-2018). «Atameken Business Channel» телеарнасының бас директоры (2018 жылдан бастап).

Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың тамызынан бастап.




45 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасы Премьер-Министр кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі Нұрлыбек Машбекұлы НӘЛІБАЕВ дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Еңбек жолы:1997-1998 жылдары - «Қазақойл-коммерция» ЖШС сарапшысы, «Бұлақ» ЖШС директорының орынбасары. 1999-2002 жылдары - «СтандартОйлБейс» ЖШС директоры, «СтандартОйлТрейдинг» ЖШС директоры, «СтандартГаз» директорының орынбасары. 2002 жылы - «Шымкенторгсинтез» АҚ Қызылорда филиалының директоры. 2002-2004 жылдары - «Қызылорда МұнайСервис» ЖШС бас директоры, «ПетроҚазақстан» Сауда үйі» директоры. 2005-2007 жылдары - Қызылорда қаласы әкімінің бірінші орынбасары. 2007-2008 жылдары - Қызылорда облысы әкімі аппаратының жетекшісі. 2008-2013 жылдары - Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі. 2013-2021 жылдары – Қызылорда қаласының әкімі.

Қазіргі қызметінде 2021 жылдың сәуір айынан бастап.

Қазіргі қызметінде - 2021 жылғы сәуірден бері.

«Құрмет» (2011), «Парасат» (2016) ордендерімен марапатталған.


Басты сөздер: Қоғам, Күнтізбе,
Жоғары қарай