Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

13 мамыр. Туған күн иелері

2021 жылдың 13 мамыр 2021 08:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» агенттігі оқырман назарына 13 мамыр күнгі «Есімдер» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




64 жыл бұрын (1957) Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Мейрамбек Мылтықбайұлы ТӨЛЕПБЕРГЕН дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. Білімі жоғары, С.М. Киров атындағы мемлекеттік Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген. 1981-1991 жылдары – Алматы облыстық «Жетісу» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшының орынбасары;

1991-1996 жылдары – Республикалық «Халық кеңесі» газетінің сектор меңгерушісі, бөлім редакторы; 1996-2007 жылдары – «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ газетінің бөлім меңгерушісі, саяси шолушысы, Алматы филиалының жетекшісі; 2007-2008 жылдары - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның Қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры; 2009-2010 жылдары – «Қазақ газеттері» ЖШС-нің Жамбыл және Алматы облыстары бойынша өкілі; 2010-2012 жылдары – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары; 2012-2017 жылдары - «Қазақстан» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры, басқарма төрағасының кеңесшісі; 2017-2021 жылдары – «Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы.

2021 жылғы қаңтардан бастап VІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2001ж.), Қазақстан Республикасының Президенті грантының иегері (2005ж.), «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілген (2013ж.), он кітаптың авторы.




58 жыл бұрын (1963) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы ТОҒЖАНОВ дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысында туған. 1988 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірді.

1988 -1991 жылдары Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының оқытушысы болды. 1991-1994 жылдары - ҚР Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының аспиранты. 1994-1996 жылдары - ҚР Ғылым академиясы Мемлекет және құқық институтының ғылыми қызметкері. 1996 -1997 жылдары - Қазақ гуманитарлық-заң университетінің аға оқытушысы, Мемлекеттік қызмет және халықаралық құқық факультеті деканының орынбасары. 1997 -1999 жылдары - Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Халықаралық құқық факультетінің деканы. 1999-2001 жылдары Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Астана қаласындағы филиалының директоры, Құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры болып қызмет атқарды. 2001-2006 жылдары - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. 2006 - 2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды. 2008 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды. 2017-2019 жылдары – Маңғыстау облысының әкімі. 2019-2020 жылдары – Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы. Қазіргі қызметінде 2020 жылдың ақпан айынан бастап. Заң ғылымдарының кандидаты. Саясаттану ғылымдарының докторы. 2007 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.




54 жыл бұрын (1967) Алматы облысы әкімінің орынбасары Жеңіс Шылбынұлы ТҰЯҚОВ дүниеге келді.

Алматы облысының тумасы. Екі жоғары білімі бар: «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша экономика және құқық институтын және Алматы мемлекеттік медициналық институтын тәмамдаған. Әр жылдары ҚР Энергетика министрлігінің департамент директоры болып жұмыс істеген, Қазақстанның бірнеше өңірінде энергетика және ТКШ салаларында салалық құрылымдарды басқарған. Энергетика саласындағы ұлттық компанияларда басқарушы қызметтер атқарған, сонымен қатар «Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы» АҚ («КЕGOC») басқарушы директоры болып жұмыс істеген.

Қазіргі қызметінде - 2017 жылдың шілдесінен.




51 жыл бұрын (1970) Қазақстан Республикасы Қарулы күштері жоғары қолбасшылығы өкілі Дулат Темірғалиұлы АДЫРБЕКОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1988 жылы Шымкент әскери мамандандырылған мектепті, 1992 жылы М.В.Фрунзе атындағы Киев жоғары жалпы әскери командалық училищесін, 2000 жылдары ҚР ҚК Әскери академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы Республикалық гвардияның арнайы мақсаттағы взвод командирі болып бастаған. Түрлі жылдары әскери салада басшылық қызметтерді атқарған. 2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы жөніндегі орынбасары болған. 2018-2019 жылдары – «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы




42 жыл бұрын (1979) ҚР Конституциялық Кеңес аппаратының басшысы Бақыт Маратұлы НҰРМҰХАНОВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылында туған. Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетінің қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасында оқытушылықтан бастады. 2003 жылдың мамыр айынан Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінде: құқық бөлімінің консультанты, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты, бас сарапшы, бас консультант, құқықтық сараптама бөлімі талдау секторының меңгерушісі, Төрағаның кеңесшісі. 2008-2017 жылдары негізгі қызметімен қоса Еуропа Кеңесінің «Құқық арқылы демократия үшін» Венеция комиссиясының байланыс бойынша офицері функцияларын атқарды.

Қазіргі қызметінде 2017 жылдың тамыз айынан бастап.

«Ерен еңбегі үшін» медалымен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» және «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалдарымен марапатталған.




Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай