Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2021 жылдың 19 желтоқсан 2021 20:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 20 желтоқсан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласында кей уақыттарда жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің оңтүстігінде жел 15-20 м/с артады.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ болжанады.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің солтүстік-батысында желдің күші 15-20 м/с құрайды.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде және шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз өңірдің солтүстік-батысында екпіні 15 м/с күшейеді.

Түнде Қарағанды облысының батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз өңірдің батысында екпіні 15-20 м/с артады.

Қостанай облысының солтүстік және оңтүстік аумағында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында найзағай, тұман болжанады. Түнде тау асуларында желдің жылдамдығы 23-28 м/с құрайды.

Шымкент қаласында түнде және таңертең найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Өңірдің солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз батысында және оңтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 18 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, өңірдің батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында жел соғады, күші 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары болады. 20-21 желтоқсанда аймақтың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болады.


Жоғары қарай