Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

14 мамыр. ҚазАқпарат күнтізбесі

2022 жылдың 14 мамыр 2022 07:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырман назарына 2022 жылғы 14 мамырға арналған күнтізбені ұсынады.

Дүниежүзілік әділ сауда күні

Бұл күн Дүниежүзілік әділ сауда ұйымының жетекшілігімен жыл сайын мамыр айының екінші сенбісінде өткізіледі. Мерекенің асыл миссиясы – халықаралық ережелерге сәйкес әділ сауда және әділ бизнес постулаттарын насихаттау. Сынға алатын негізгі тақырыптары – балалар еңбегі, құлдық, көтерілген бағалар және өндіріс экожүйелерінің бұзылуы.

Дүниежүзілік жыл құстары күні

Жыл сайын мамырдың екінші сенбісінде және екінші жексенбісінде тойланады. Бұл күн 1906 жылы Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға қол қою алдында белгіленген. Іс-шараның мақсаты – қоныс аударатын құстар, олардың мекендейтін жерлері, қозғалу жолдары туралы білімді кеңейту.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1869 жылы Ақтөбе қаласының іргетасы қаланды. 1869 жылдың 28 мамырында (ескіше қазақ күнтізбесі) басталған. Бұл күні «Ақ төбе» деп аталған әскери бекінісінің негізі қаланған. 1999 жылдың наурызында өзінің «Ақтөбе» деген тарихи атауына ие болған қала советтік кезеңде Актюбинск деп аталды.

1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД мемлекеттері басшылары Кеңесінің отырысына қатысты. Кездесуде Декларация қабылданып, интеграция жолымен, тауар, капитал және қызметтердің еркін қозғалысы үшін ортақ нарық құруға ұмтылыстарын білдірді.

2009 жылы Киев қалалық кеңесінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы шешімімен Киевтегі Шевченко ауданының Кузьминская көшесіне қазақ поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаевтың есімі берілді. 2009 жылғы 8 мамырда осы көшеде Жамбыл Жабаевтың мемориалдық тақтасы салтанатпен ашылды.

2013 жылы Женевада «Ақпараттық қоғам» мәселелері жөніндегі Бүкіләлемдік кездесу форумы шеңберінде өткізілген WSISProjectPrizes 2013 халықаралық конкурсының нәтижелері жарияланды. Қазақстанның электрондық лицензиялау жүйесі (www.elicense.kz) «E-Business» санатындағы ең үздік жоба атанды. Конкурсқа барлығы 64 елден 280-тен астам жоба қатысты.

2014 жылы Астана қаласындағы Ұлттық музей жаңа құнды экспонаттармен толықты. ХVII ғасырдағы Хан туының элементі, Төле бидің қалпына келтірілген шапаны және мұражайға Еуразия өркениетінің көзі ретінде Ботай мәдениетінің сенсациялық археологиялық қазыналары сыйға тартылды. Мұражайдың соңғы экспонаттарын белгілі қазақстандық археолог Виктор Зайберт берді.

2015 жылы Швейцариядағы Frank Muller мануфактурасы Қазақстан гербі бейнеленген сағат шығарды.

2016 жылы Кельнде еуропалық қазақтар қауымдастығы мен Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Еуропа қазақтарының дәстүрлі кіші құрылтайы өтті. Онда Германиядан, Ұлыбританиядан, Франциядан, Венгриядан, Австриядан, Швейцариядан, Швециядан, Даниядан, Норвегиядан, Нидерландыдан, Түркиядан, сондай-ақ АҚШ-тан келген екі мыңға жуық этникалық диаспоралардың өкілдері жиналды.

2018 жылы Ресей, Қазақстан, Германия, Польша және Қытайдың бірлескен кинотуындысы - «Айка» фильмі 71-ші халықаралық Канн кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдаламасына енді. Бұл фильмде басты рөлді Канн кинофестивалінің «Үздік актриса» аталымының жеңімпазы Самал Еслямова сомдады.

2019 жылы Жамбыл облысындағы тауларда жазушы Шерхан Мұртаза атындағы шың пайда болды. Меркі шатқалында альпинизмнен облыстық ашық тау фестивалі өткізілген болатын. Осы уақытқа дейін шың атаусыз келген еді, оны Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның құрметіне атады.




Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай