Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

15 ақпан. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылдың 15 ақпан 2020 07:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 15 ақпанға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Дүниежүзілік православ жастар күні

Бұл мереке «Синдесмос» Бүкіләлемдік православиелік жастар қозғалысының Бірінші Бас Ассамблеясы өткен 1953 жылдан бастап бар. Дүниежүзілік православ жастар күнін құру қабылданған конференцияға орыс, серб, грузин, фин сияқты түрлі ұлт өкілдерінің қатысушылары жиналды. Бұл конференцияның басты тақырыбы бірлестік болды (дәл осы «Синдесмос» деген атау соны білдіреді), ал мерекені өткізу күні 15 ақпан болып таңдалды.

Халықаралық қатерлі ісікке шалдыққан балалар күні

Бұл күн күнтізбеде алғаш рет 2001 жылы Бүкіләлемдік қатерлі ісікке шалдыққан балалар ата-аналарының конфедерациясының бастамасымен пайда болды. Алғаш рет 15 қаңтар күні Люксембургте атап өтілді, алайда кейінірек бір айға кейінге жылжыту туралы шешім қабылданды. Қатерлі ісікке шалдыққан балалар күні Халықаралық балалар онкологтар қауымдастығының бастамасымен әлемнің 40-тан астам елінде атап өтіледі.

Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Совет әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні

1989 жылы Совет әскерлері (40-шы әскер және оған іссапарға жіберілген бөлімшелер) Ауғанстан аумағынан шығарылды. Совет Одағының 500 мыңнан астам азаматы Ауғанстан Демократиялық Республикасында әскери қызметін өтеді, оның ішінде 22 269-ы - қазақстандық. 15 мың жауынгер сол соғыстан оралмады. Ауған соғысы жылдары Қазақстанның жалпы адам шығыны 889 адамды құрады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1640 жылы Гурьев қаласының (қазіргі Атырау қаласы) негізі қаланды. Осы жылы патша үкіметі ағайынды Гурьевтерге қалашық салуға рұқсат берген. Қала 1662 жылы салынып бітіп, патша жарлығымен Гурьев аталған. Ал жергілікті қазақтар оны Үйшік деп атаған. Қала «Ресейдің Азия елдерімен дипломатиялық және сауда қатынастарын орнату мақсатында» құрылған.

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Ватикан дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы құжатпен алмасты.

2010 жылы Ресей Федерациясының Қазақстандағы Елшісі Михаил Бочарников Ауғанстандағы соғыста көрсеткен ерліктері үшін наградаға ұсынылған, бірақ түрлі себептермен оны өз уақытында ала алмаған интернационалист-жауынгерлерге ССРО-ның жауынгерлік наградаларын табыс етті. ССРО-ның мемлекеттік марапаттары «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерліктері үшін» медальдарымен Берік Сабыров, Тұмарбек Мұрынбаев, Ерғазы Тұрақбаев, Сергей Шиляев, Амангелді Ликеров, Темірбек Қойлыбаев пен Анатолий Юрин марапатталды.

2011 жылы Монте-Карлода өткен 35-халықаралық цирк фестивалінде қазақстандық цирк әртістері екінші орын - «Күміс клоун» жүлдесін жеңіп алды. Әлішер Әлиевтің жетекшілігіндегі 5 әртістен тұратын «Ақ құстар» труппасы «Әуедегі ұшу» нөмірін қойып, көрермен мен әділ қазылар алқасын таң қалдырған. Байқау аса тартысты болған. Бірінші орынды осымен үшінші рет Италияның цирк әртісі Флавио Тоньи жеңіп алды. Цирк фестивалінде 10 елдің - Қазақстан, Ресей, АҚШ, Қытай, Италия, Германия, Франция, Канада, Бразилия мен Румыния елдерінің ең үздік деген 18 труппасы қатысқан.

2014 жылы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Тен Сочи Олимпиадасында күміс медальға қол жеткізді.

2015 жылы Испанияның Гранада қаласында Универсиада жалауы Алматы қаласына салтанатты түрде табысталды.

2017 жылы сағат 09.28-де Үндістан ғарыш зерттеу ұйымы (ISRO) салмағы 1,7 келілік «Әл-Фараби-1» наноспутнигін ұшырды. Бұл наноспутникті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті соңғы технология үлгісімен жасаған. Шрихарикота аралында орналасқан Сатиш Дхван атындағы ғарыш орталығынан орбитаға (PSLV-C37) зымыран тасығыштың көмегімен барлығы 104 спутник ұшырылды. ISRO аталмыш құрылғыны ұшырғаннан кейін, бір уақытта ең көп жерсерікті ұшыру бойынша әлемдік рекорд орнатты.

2018 жылы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ТМД елдері ішінен алғаш болып Азия-Тынық мұхит аймағындағы киноөндірушілер федерациясының мүшесі атанды. Киностудияның федерация құрамына кіретіні туралы шешім басқарма мүшелерінің Бейжіңде өткен «Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдердің кино саласындағы бірлескен ынтымақтастығы - 2018» атты 10-шы съезінде айтылды. Азия-Тынық мұхит аймағы киноөндірушілер федерациясын 1954 жылы Гонконгтың танымал кинематографисі, меценаты, медиамагнаты, Қытай киноөндірісінің бастауында тұрған Шау Ифу құрған.

2019 жылы ҚР Конституциялық Кеңесі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өтініші бойынша қабылдаған Республика Конституциясының 42-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы нормативтік қаулысын жария етті.

Негізгі Заңнан Мемлекет басшысының отставкаға шығу құқығы туындайды. Аталған құқық президенттік басқару нысаны мен Республика Президентінің конституциялық мәртебесінің элементі болып табылады. Ол адам әрі Қазақстан азаматы ретінде Президентке тиесілі және әр тұлғаның конституциялық құқықтарын, соның ішінде еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығын бекітетін Конституцияның басқа да ережелерінен туындайды (13-баптың 1-тармағы, 24-баптың 1-тармағы және т.б.).

2019 жылы Астанада көкпардың халықаралық ережесі қабылданды. Осы спорт түрі бойынша Бүкіләлемдік қауымдастыққа кіретін 10 елдің қатысушылары ойын ипподромының өлшемдері туралы келісті.

Көкпар ойнайтын алаңның ұзындығы ең көп дегенде 220 метрге жетеді, ал ені 75 метр болады. Серкенің орнына муляж қолданылады, оның салмағы — 33-35 кг аралығында. Ойынның өзі 20 минуттан болатын 2 таймнан тұрады. Аралық үзіліс — 10 минут. Әр командада 12 шабандоздан болады. Ал серкені лақтыратын тайқазандардың орнына әрқайсысының диаметрі 3 метрден 2 шеңбер салынады.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай