Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

15 cәуірге арналған ауа райы болжамы

2021 жылдың 15 сәуір 2021 00:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 15 cәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарайды ҚазАқпарат.

Әлі де, республиканың басым бөлігіне антициклон жотасы ықпал етуіне байланысты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталынады. Тек республикамыздың оңтүстік және оңтүстік батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік және оңтүстік-батыста жел шаңды дауыл соғады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл күтіледі, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысында тұман болады.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, түнде Павлодар, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Күндіз Алматы облысының Алакөл өзенінің аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғуы мүмкін.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай