Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

15 шілдеге дейін коронавирусқа қарсы бірқатар дәрілер жеткізіледі

2020 жылдың 5 шілде 2020 20:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 15 шілдесіне дейін 840 мың лопинавир, ритонавир таблеткалары, 61 мың гидроксихлорохин, 11 мың флакон Ремдесивир дәрісі елімізге жеткізіледі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде аймақтар арасында 4 мың науқас үшін 160 мың таблетка лопинавир, ритонавир таратылуда. 2020 жылдың 15 шілдесіне дейін қосымша мына дәрілер жеткізіледі: 840 мың лопинавир, ритонавир таблеткалары, 61 мың гидроксихлорохин, 11 мың флакон Ремдесивир. 15 тамызға дейін аталған дәрілердің көлемі қосымша 440 мыңға дейін жеткізіледі», - деді Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Бұл ретте Үкімет басшысының орынбасары барлық пациенттерге вирусқа қарсы терапия тағайындау қажет еместігін ерекше атап өтті.

«Ол вирустың орташа ауыр және ауыр түрімен ауырғандарға ғана тағайындалады. Бүгінгі таңда міндетті әлеуметті медициналық сақтандыру аясында тегін дәрі-дәрмек препараттарының тізбесі бар. Оған ЖРВИ және ауруханадан тыс өкпе қабынуы кіреді. Бұл препараттардың тізіміне антибиотиктер, қызуды төмендететін дәрілер кіреді. Оларды емханада құрылған мобильді топтар тегін жеткізуі тиіс», - деді ол.


Жоғары қарай