Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

16 қаңтар. Туған күн иелері

2021 жылдың 16 қаңтар 2021 08:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 16 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




56 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Советбекұлы ДОНАҚОВ дүниеге келді.

1965 жылы Семей облысында туған. 1987 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін және КСРО Ғылым академиясы Мемлекет және құқық институтының (Мәскеу қаласы) аспирантурасын бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.

Аспирантураны бітіргеннен кейін Қазақстан Ғылым академиясының жүйесінде жұмыс істеді. 1992-1994 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің аппаратында, 1994 жылғы сәуірден Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде қызмет етті.

2000-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бірінші орынбасары. 2002 жылғы наурыздан бастап Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді. 2008 жылдың 14 ақпанында ҚР Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 2008 жылдың қазанында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды. 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері бойынша министрі болып тағайындалған; Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (2016-2018).

Қазіргі қызметін атқаруға 2018 жылдың сәуірінде кірісті.

«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.




55 жыл бұрын (1966) «KAZAKHINVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Біржан Бисекенұлы ҚАНЕШЕВ дүниеге келді.

Ресейдің Саратов облысында туған. Саратов политехникалық институтын, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебін, АҚШ-тағы Массачусетс технологиялық университеті А.Слоун атындағы менеджмент мектебін бітірген.

1990-1994 жылдары - Саратов облыстық автокөлік пайдалану кәсіпорнының есепшісі, кәсіпорын директорының орынбасары. 1994-1997 жылдары - Орал қалалық әкімшілігінің бөлім меңгерушісі, Батыс Қазақстан облыстық әкімшілігі өнеркәсіп және қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, «Бөбек» балалар қорының Батыс Қазақстан өкілдігінің атқарушы директоры. 1997-1999 жылдары - ҚР Стратегиялық жоспарлау агенттігінің бас маманы, бөлім бастығы, стратегиялық жоспарлау жөніндегі департамент басқармасының бастығы, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі стратегиялық жоспарлау және бақылау департаменті директорының орынбасары. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі, Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігі байланыс және ақпарат жөніндегі комитеттің төрағасы. 2001-2003 жылдары - ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттік төрағасы. 2007-2008 жылдары - ҚР Сыртқы істер министрлігі халықаралық ақпараттандыру комитетінің төрағасы. «Самұрық» мемлекеттік активтерін басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» АҚ атқарушы директоры. 2008-2009 жылдары - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2008-2012 жылдары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі. 2012-2013 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болды. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы (2013-2014); ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы (2014-2017).

Қазіргі қызметінде - 2017 жылдан бері.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен, «теміржол көлігінің 100 жылдығы» медалімен марапатталған.




44 жыл бұрын (1977) Қазақстан Республиксы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Дүйсебайұлы ОСПАНОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1999 жылы «Казгипрожелдортранс» темір жол көлігінің нысандары мен ақпараттық жүйелерін жобалаудың қазақстандық техникалық-экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да 1-санатты инженер болып бастады. 2000-2001 жылдары — «Казгипрожелдортранс» темір жол көлігінің нысандары мен ақпараттық жүйелерін жобалаудың қазақстандық техникалық-экономикалық зерттеулер институты» АҚ филиалының жетекші инженері. 2001-2006 жылдары «Қазақстан темір жол көлігі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС жобалар жетекшісі болып жұмыс істеді. 2006-2007 жылдары — «Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы» АҚ ақпараттық жүйелерді әзірлеу басқармасының жүйелік талдау және бизнес жоспарлау бөлімінің жетекші инженер-жобалаушысы. 2007-2010 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да жұмыс істеді, онда мемлекеттік органдардың АКТ-бөлімшелерін құру департаментінің бас маманы, мемлекеттік органдардың АКТ-бөлімшелерінің жұмыс істеуі жөніндегі бағдарламаның АКТ-процестерінің бас менеджері, құзырет орталығы директорының орынбасары, құзырет орталығының директоры лауазымдарын атқарды. 2010-2012 жылдары «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ басқарушы директоры, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту департаментінің директоры қызметтерін атқарды. 2012-2016 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК-да бас директордың бірінші орынбасары, бас директордың орынбасары болып жұмыс істеді. 2016-2020 жылдары «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті, бірінші вице-президенті, президенті қызметтерін атқарды.

Қазіргі қызметін 2020 жылдың тамыз айынан бері атқарып келеді.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай