Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

16 маусым күні астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылдың 15 маусым 2021 20:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 16 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube және Facebook

14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Елбасы Академиясының «Ел Үміті» бастамасының ауыл оқушыларын дамытуға бағытталған жобалары жайында» баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикер: «Елбасы Академиясы» КҚ басқарушы директоры Әнуар Жанғозин.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube және Facebook

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекеттік, шығармашылық және спорттық тапсырысты ілгерілету бойынша мәдениет және спорт саласындағы заңнаманы іске асыру туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов, Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Күміс Сейітова.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube және Facebook


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай