Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

17 қыркүйек күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2020 жылдың 16 қыркүйек 2020 20:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 17 қыркүйек күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Сенаттың кезекті отырысы болады. Сенат отырысы палатаның parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

10.30-да Дүниежүзілік су сапасын бақылау күні қарсаңында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазгидромет» зертханасына пресс-тур өткізеді.

11.00-де «Халықтың қарыз жүктемесі мәселелері туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің «Халықтық коммунистер» фракциясы депутаттары, Экономика министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың, қалалық комитеттің және екінші деңгейлі банк өкілдері қатысады.

12:30-да «Таңдаулы опера парақтары» мерекелік концертіне дайындық қарсаңында «Астана Операда» баспасөз туры өтеді.

16.00-де тұрғындарға пеш орнатқан кезде өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша рейд өткізіледі.

20.00-де Instagram-дағы @kazautozhol парақшасында «QazAvtoJol» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Арман Жүсіповпен «Қазақстанның жол саласындағы кадрлық саясатты іске асыру» тақырыбында тікелей эфир өтеді.

АЛМАТЫ

15.00-де Алматы қаласындағы қоғамдық кеңесте «Жетісу ауданының активімен ауданның әлеуметтік маңызды мәселелерін талқылау» тақырыбында онлайн отырыс өтеді.


Жоғары қарай