Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

18 мыңнан астам қазақстандыққа Абай есімі берілген

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 15:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 18 232 қазақстандықтың есімі ақын, ағартушы және философ, жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай құрметіне қойылған. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Әділет министрлігі АХАТ басқармасының мәліметінше,, ұлы ақынның отаны - Шығыс Қазақстан облысында Абай есімді 378 азамат тұрады.

Бүгінде ең үлкен Абай 92 жаста болса, ең кішісі небәрі 2 күн бұрын туған. Кішкентай Абай 2020 жылғы 20 қаңтарда Сарыағаш қаласында дүниеге келді.

«Соңғы 10 жыл ішінде (2009-2020 жж.) ата-аналар балаларына Абай есімін 2470 рет таңдаған. Ең көбі Түркістан облысында (415), Алматы (321) және Нұр-Сұлтан (273) қалаларында тұрады», - деп атап өтеді министрліктен.


Жоғары қарай