Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

188 мың адам Pfizer вакцинасын салдырды – Алексей Цой

2021 жылдың 14 желтоқсан 2021 09:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде 188 мың адам Pfizer вакцинасын алды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні Comirnaty (Pfizer) вакцинасының бірінші компонентімен 188 906 адам вакцина алды. Оның ішінде 150 669 жасөспірім мен 38 237 жүкті және бала емізетін әйел бар. Екінші компонентпен 19 386 адам вакцинацияланды. Вакцинация жалғасып жатыр», - деді Үкімет отырысында Алексей Цой.

Жалпы, министр дерегінше, QazVac, Спутник V сынды вакциналардың 1-компонентімен елімізде 8,8 млн-нан астам, екінші компонентімен 8,3 млн-нан астам адам егілді. Сонымен қатар 136 мың адам ревакцинация алды.


Жоғары қарай