Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2 қазан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2020 жылдың 1 қазан 2020 20:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 2 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

Сағат 11.00-де ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның жылу энергиясымен қамту бойынша реттелетін қызметіне қатысты өтініміне жария тыңдау өткізеді.

17.00-де «Рационалды астық: астық жүктерін тиімді тасымалдауды қалай қамтамасыз етуге болады?» тақырыбында магистральдық сарапшылар форумының жаңа отырысы өтеді. Форумның тікелей көрсетілімі Zhanna Issingarina Translogistics media бизнес парақшасында және Facebook-тегі KUN.KZ платформасында болады.


Автор Зарина Қаһарман
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай