Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2 маусымда елордада өтетін маңызды шараларға шолу

2020 жылдың 1 маусым 2020 20:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 2 маусым күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы, жаңа жағдайдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы талқыланады. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн көрсетіледі.

10.00-де Sputnik халықаралық ақпарат агенттігінде Роскосмостың Қазақстандағы өкілі Анатолий Красниковтың қатысуымен «Байқоңыр ғарыш айлағының 65 жылдығы» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Брифинг Sputnik-Қазақстан сайтында және YouTube каналында тікелей эфирде өтеді.

10.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов халық алдында есеп береді.


АЛМАТЫ

15:00-де ҚызПУ-да «Білім. Ғылым. Бауырластық» атаумен түркі тілдес елдері жоғары оқу орындары өнерпаздарының онлайн концерті өтеді.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: БАҚ,
Жоғары қарай