Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2 мыңнан астам апатты ұңғымадан су далаға ағып жатыр - депутат

2021 жылдың 13 қазан 2021 14:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Дүйсенбай Тұрғанов су ұңғымаларын зерттеу мен барлау мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде 2 мыңнан астам апатты ұңғымадан су ешбір қадағалаусыз далаға ағып кетіп жатыр», - деді Д. Тұрғанов Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярдың атына жолдаған сауалында.

Оның айтуынша, Есеп комитетінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджет жобасын бағалау бойынша қорытындысында 2015 жылдан бері барлау мен зерттеу жұмыстары жергілікті атқарушы органдар құзыретіне берілгені атап өтілген. Іс-шараларды жүзеге асырудың мониторингі 2020 жылға дейін Ұлттық экономика министрлігі тарапынан жүргізілді. 2020 жылдан бастап іздеу-зерттеу жұмыстары тұрғысындағы іс-шаралар жаңа «Нұрлы жер» бағдарламасына енгізілмеуі себебінен, мемлекеттік органдар тарапынан бақылау мен үйлестіру іске асырылмады.

«Осының нәтижесінде, 7 жылда (2012-2019 жылдары) барлау-зерттеу әрі толық барлау жұмыстарының жоспары сәйкесінше 86 және 91 пайызға орындалды. Мемлекеттік органдардың осындай келісілмеген әрі тиімсіз іс-қимылы халық үшін, сондай-ақ елдің экономикасы үшін теріс салдарға алып келуі мүмкін», - деді депутат.


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Парламент, Депутат,
Жоғары қарай