Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 414.46
EUR 451.35
RUB 5.77
CNY 58.12

2 сәуір. Туған күн иелері

2020 жылдың 2 сәуір 2020 08:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 2 сәуірде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




79 жыл бұрын (1941) өнертанушы, сыншы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Юрий Петрович АРАВИН дүниеге келді.

Тверь қаласында (Ресей) туған. Новосібір консерваториясы тарихи - теоретикалық факультетін, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын (ғылыми жетекшісі - профессор Б.Г.Ерзакович) бітірген. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында, қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында музыкалық-тарихи және теориялық пәндерден дәріс берген. Педагогикалық қызметін ғылыми-зерттеу және музыкалық-ағарту жұмыстарымен байланыстырған. «Дыбыстар музейі», «Қазақ музыкасының кіші антологиясы» сияқты танымал телехабарлардың және «Тотем» радиосындағы «Дала шоқжұлдызы» авторлық циклдық хабарлардың авторы. «Абай жадына арналған лирикалық поэма», «Қазақстанның симфониялық поэмаларының тақырыбы мәселесі туралы», «Халық қаћармандары туралы үш поэма», «Мұқан Төлебаевтың «Қазақстан» поэмасы», «Қазіргі заманғы ұйғыр симфониясының бастама көздері», «Әндік симфонизм тарихына», «Дала шоқжұлдызы: қазақ музыкасы туралы очерктер мен этюдтер» тағы басқа шығармалары қазақтың өнертануына қосылған өлшеусіз үлес болып саналады. 100-ден астам жарияланым авторы. Қазақстан Республикасы Композиторлар одағы басқармасының мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссия мүшесі, «Алтын-Жұлдыз» телерадио бағдарламалары республикалық байқауының лауреаты.

«Парасат» орденімен, медальдармен марапатталған.




72 жыл бұрын (1948) режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сламбек Тілеуғабылұлы ТӘУЕКЕЛ дүниеге келді.

Павлодар облысында туған. Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген. Еңбек жолын «Қазақфильм» киностудиясы мультипликациялық бірлестігінің директоры болып бастаған. 1973-1974 жылдары - Қазақ КСР Мемлекеттік кино комитетінің бөлім меңгерушісі. 1974-1990 жылдары - «Қазақфильм» киностудиясы директорының орынбасары, бірінші орынбасары, директоры, Қазақ КСР Мемлекеттік кинематография жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары. 1990-1993 жылдары шығармашылық жұмыста болған. 1993-1999 жылдары - «Қазақкинофест» акционерлік қоғамының тең төрағасы. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мәдениет және өнерді қолдау қорының атқарушы директоры. 2001-2004 жылдары - «Қазақстан теледидары және радиосы» Республикалық корпорациясы» жабық акционерлік қоғамының бас продюсері, басқарма төрағасының бірінші орынбасары. 2004-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы қызметін атқарған. 2006 жылдан Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бас редакторы. «Армысың, Наурыз!», «Біздің киіз үй», «Террордың қанқұйлы іздері», «Асанәлі», «Сәтбаев» және басқа да деректі фильмдердің, «Батыр Баян», «Бір бала» көркем фильмдерінің режиссері.

«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

50 жыл бұрын (1970) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Нұрлан Әделұлы ЖАЛҒАСБАЕВ дүниеге келді.

Ресей Федерациясы Петрозаводск мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолы: 1993 жылдан бері ҚР СІМ жүйесінде жұмыс істейді. 1999 жылдан бері ведомствода басшылық қызметтер атқарды. 2003-2004 жылдары – ҚР СІМ көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры, халықаралық ұйымдастыру және қауіпсіздік мәселелері департаментінің директоры. 2004-2008 жылдары Нью-Йоркте БҰҰ жанындағы ҚР тұрақты өкілдігінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасының Грузиядағы уақытша сенімді өкілі, Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Уақытша сенімді өкілі қызметтерін атқарды. 2008-2009 жылдары Еуропа департаментін басқарды. 2009-2015 жылдары ҚР Италия Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-өкілі. 2016 -2019 жылдары – АӨСШК кәсіби құрамының (дипломатиялық құрам) мүшесі.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың щілде айынан бастап.




43 жыл бұрын (1977) ҚР Президенті Іс басқармасының медициналық орталығының басшысы Алексей Владимирович ЦОЙ дүниеге келген.

Шымкент қаласында туған. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын (2001), «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтын (2007), Sels College (Лондон), Қазақ мемлекеттік медицина академиясының аспирантурасын, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының корпоративтік басқару жоғары мектебін және Халықаралық бизнес академиясын бітірді. Еңбек жолы: Қалпына келтіру хирургиясы және трансплантология орталығының хирург-эндоскописі, ҚР ДСМ «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» РМК Ішкі медицина орталығының жетекші ғылыми қызметкері (2001-2007); «Еуразия респираторлық қоғамы» ҚБ Бас хатшысы, ҚР Президенті Іс басқармасының «Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығы» РМК директоры (2007 жылдан бастап); «ҚР Президенті Іс басқармасының медициналық орталығы» ММ бастығы (2010-2011); Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігері (2011-2014); Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі (2014-2017). Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі (2017-2019).

Қазіргі лауазымын 2019 жылғы ақпаннан бері атқарып келеді.




36 жыл бұрын (1984) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Шахмардан Асқарұлы БАЙМАНОВ дүниеге келді.

Қызылорда қаласында туған. Қорқыт ата атаныдағы Қызылорда мемлекеттік университетін қаржы және қаржылық құқық мамандығы бойыша, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін саясаттанушы мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2005-2007 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының жастар ісі жөніндегі көмекшісі болып бастады. 2007-2008 жылдары – Қызылорда облыстық «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» қауымдастығының атқарушы директоры. 2008-2011 жылдары – «Қазақстан жастар конгресі» атқарушы директорының орынбасары. 2011-2012 жылдары – «Қазақстан жастар конгресі» атқарушы директоры. 2012-2015 жылдары – Ақмола облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы. 2015-2017 жылдары – «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы. 2017-2019 жылдары – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың мамыр айынан бастап

«Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Ерен еңбегі үшін», «Белсенді қызметі үшін» медальдарымен марапатталған.


Автор Қанат Мәметқазыұлы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай